Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения

Қаулы · № 18 · қабылданған 19.01.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-44211/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения Күшін жойған Қаулы ·№ 18 ·19.01.2009
01.03.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения

Күшін жойған Қаулы ·№ 18 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения
Атауы (қаз.)
Халықтың нысаналы топтарын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
18
Қабылданған күні
19.01.2009
Көрсетілген редакция
01.03.2010 AI44211_6.kaz
Соңғы өзгеріс
01.03.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09NL000092
ЭКБ идентификаторы
44211
Редакция идентификаторы
AI44211_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:00

0 Халықтың нысаналы топтарын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 және 7 баптарының 2 тармағына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу мақсатында, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қарабалық ауданының аумағында тұратын нысанды топтарға жататын тұлғалардың келесі тізімі анықталсын:

1 1) табысы аз адамдар;

2 2) 21 жасқа дейінгі балалар;

3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;

4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты, көп балалар ата-аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңнамасы белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6) зейнеткерлікке шығуға тақап жүргендер (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған тұлғалар);

7 7) мүгедектер;

8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10) оралмандар (репатрианттар);

11 11) ұзақ уақыт жұмыс істемегендер;

12 12) арнаулы орта, орта және кәсіби білім мекемелерін, даярлау курстарын бітірген соң еңбек өтілі жоқ бітірушілер;

13 13) алынған мамандығы бойынша еңбек өтілі және тәжірибесі жоқ еңбекпен қамтылмаған жастар;

14 14) 50 асқан болашағы жоқ жастағы тұлғалар;

15 15) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады;

16 16) алынып тасталды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 19.10.2009 № 277 қаулысымен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

17 17) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілері.

2 2. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 13 наурыздағы № 76 "Халықтың нысаналы топтарын бекіту туралы", 2008 жылғы 17 сәуірдегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-75, аудандық "Айна" газетінде 2008 жылдың 17 сәуірдегі № 4 санында жарияланған, қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. А. Исенбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы