Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выплаты единовременной денежной компенсации для погребения умерших или погибших судей и пенсионеров, вышедших на пенсию с должности судьи

Қаулы · № 156 · қабылданған 16.02.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-44222/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил выплаты единовременной денежной компенсации для погребения умерших или погибших судей и пенсионеров, вышедших на пенсию с должности судьи Қолданыста Қаулы ·№ 156 ·16.02.2009
25.07.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выплаты единовременной денежной компенсации для погребения умерших или погибших судей и пенсионеров, вышедших на пенсию с должности судьи

Қолданыста Қаулы ·№ 156 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выплаты единовременной денежной компенсации для погребения умерших или погибших судей и пенсионеров, вышедших на пенсию с должности судьи
Атауы (қаз.)
Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
156
Қабылданған күні
16.02.2009
Көрсетілген редакция
25.07.2024 44222_713670.kaz
Соңғы өзгеріс
25.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090000156_
ЭКБ идентификаторы
44222
Редакция идентификаторы
44222_713670
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:45

0 Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 16 ақпандағы
N 156 қаулысымен
бекітілген
Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу қағидалары

1

1. Осы Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес әзірленді және қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы (бұдан әрі – өтемақы) төлеу тәртібін айқындайды.

2

2. Өтемақы алуға құқығы бар тұлғалар оны алу үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қаза тапқанда (қайтыс болғанда) немесе оның судьясы қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткер қаза тапқанда (қайтыс болғанда) сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның кадр қызметіне, жергілікті немесе басқа соттың судьясы қаза тапқанда (қайтыс болғанда) немесе оның судьясы қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткер қаза тапқанда (қайтыс болғанда) сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерінің кадр қызметіне (бұдан әрі – кадр қызметі) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінішпен жүгініп, мынадай құжаттарды ұсынады:
өтемақыны алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
азаматтық хал актілерін тіркеу органдары берген қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;
кәмелетке толмаған өтемақы алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі;
неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің не сот органдарының алимент туралы атқарушылық құжатының, не қамқоршылық туралы құжаттың көшірмесі не мұраға құқық туралы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі;
өтемақы алушының ағымдағы банктік шотының көшірмесі.
Жұмыс істеп жүрген судья қайтыс болған жағдайда кадр қызметі өтемақы алуға құқығы бар тұлғаларды азаматтық хал актілерін тіркеу органдары берген қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсынып, өтініш беруі қажет екені туралы жазбаша хабардар етеді.

3 3. Кадр қызметі осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресімделуін тексереді және өтінішті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеуге арналған өтініштерді тіркеу журналына тіркейді.

Өтемақы алуға құқығы жоқ тұлға өтініш берген, оны алуға құқықтық негіздер болмаған, тиісті құжаттар толық ұсынылмаған және (немесе) олар дұрыс толтырылмаған жағдайда өтініш тіркелмейді, ол туралы өтініш берушіге жазбаша хабарланады.
Кадр қызметі өтінішті журналға тіркеп, 10 күнтізбелік күн ішінде өтемақы алушыға іс қалыптастырады және оны тиісті қаржы қызметіне жібереді.

4 4. Қаржы қызметі өтемақы сомасы туралы есеп-қисапты іске тіркеп, күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде істі өтемақы төлеу туралы шешім қабылдау үшін:

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қаза тапқан (қайтыс болған) немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысына;
жергілікті немесе басқа соттың судьясы қаза тапқан (қайтыс болған) немесе жергілікті немесе басқа соттың судьясы қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшесінің тиісті басшысына ұсынады.

5 5. Өтемақы төлеуді қаржы қызметі банктердегі не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы алушының ағымдағы банктік шотына аудару жолымен өтініш берілген сәттен бастап екі ай ішінде жүзеге асырады.

6 6. Кәмелетке толмаған өтемақы алушыларға өтемақы төлеу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 22 - 23-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып жүргізіледі.

1 Жерлеуге біржолғы ақшалай өтемақы төлеуге өтініш

Қайтыс болған немесе қаза
тапқан судьялар мен судья
қызметінен зейнеткерлікке шыққан
зейнеткерлерді жерлеу үшін
біржолғы ақшалай өтемақы
төлеу қағидаларына
1-қосымша
Кімге ____________________________________
(уәкілетті орган басшысының Т.А.Ә. (бар болса)
________________ мекенжайында тұратын
_____________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса)
Жерлеуге біржолғы ақшалай өтемақы төлеуге өтініш
Сізден _________________________________________________________
(қайтыс болған адамның Т.А.Ә. (бар болса)
қайтыс болуына байланысты маған жерлеуге біржолғы ақшалай өтемақы төлеуді сұраймын.
Қайтыс болған күні: ______________________________________________
Маған тиесілі соманы мынаған аударуды сұраймын:
банктің атауы: _______________________________________________________
ағымдағы банктік шот нөмірі: __________________________________________
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
1.
2.
3.
Өтініш берушінің қолы 20 __ ж. «__» __________
__________________________

2 Жерлеуге біржолғы ақшалай өтемақы төлеуге арналған өтініштерді тіркеу журналы

Қайтыс болған немесе қаза тапқан
судьялар мен судья қызметінен
зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді
жерлеу үшін біржолғы ақшалай
өтемақы төлеу ережесін бекіту
туралы қағидаларына
2-қосымша
Жерлеуге біржолғы ақшалай өтемақы төлеуге
арналған өтініштерді тіркеу
журналы
Р/с №
Өті­ніш түс­кен күн
Қай­тыс болған адам­ның Т.А.Ә. (бар бол­са)
Бір­жол­ғы өте­ма­қы алушы­ның Т.А.Ә. (бар бол­са) және оның ме­кен­жайы
Бір­жол­ғы өте­ма­қы тө­леу үшін негіз­де­ме
Қа­рау нәти­же­сі
бір­жол­ғы өте­ма­қы со­ма­сы
тө­лем құ­жа­ты­ның нө­мі­рі мен кү­ні
бас тар­ту се­бе­бі
1
2
3
4
5
6
7
8
________________________________

Қолданыстағы