Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы
ҚАЗАуылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 52
- Қабылданған күні
- 23.01.2009
- Көрсетілген редакция
- 29.08.2013 · қолданыстағы AI44241_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 29.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09UJ000107
- ЭКБ идентификаторы
- 44241
- Редакция идентификаторы
- AI44241_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:58
0 Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабы 3 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі 1, 2, 3, 4 - қосымшаларға сәйкес анықталсын.
1 1. Сайрам аудандық мәслихатының келісіміне, осы қаулының 1-тармағында анықталған лауазымдардың тізбесі енгізілсін.
2 2. Осы қаулы бірінші ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарда қолданылады.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Әмірәлиевке жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық мәслихат
хатшысы Т. Төлендиев
4 Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тiзбесi
Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң
2009 жылғы 23 қаңтардағы
N 52 қаулысына 1 қосымша
Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн
әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тiзбесi
1 1. Әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің меңгерушілері, маман-кеңесшілер, әлеуметтік қызметкерлер.
6 Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн білім беру мамандары лауазымдарының тiзбесi
Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң
2009 жылғы 23 қаңтардағы
N 52 қаулысына 2 қосымша
Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн
білім беру мамандары лауазымдарының тiзбесi
1 1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшысының орынбасары (әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан және шаруашылық меңгерушілерінен, бас есепші, есепшілерден басқа).
2
2. Мамандар: барлық мамандықтағы мұғалiмдер, тәлімгер, тәрбиешi, оқу орнының оқу тәрбие оқу өндірістік қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің нұсқаушысы, оқу тәрбие жұмысымен тікелей айналысатын музыкалық жетекшi, үйірме жетекшілері, оқу менеджері, қондырғыларды жабдықтаушы инженер, өндірістік оқыту нұсқаушысы, әдiскер, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, қосымша мамандықтағы педагог, медициналық бике, емдәм бикесі, кітапханашы.
9 Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн мәдениет мамандары лауазымдарының тiзбесi
Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң
2009 жылғы 23 қаңтардағы
N 52 қаулысына 3 қосымша
Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн
мәдениет мамандары лауазымдарының тiзбесi
1 1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшысының орынбасары (бас есепші, бас экономист және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).
2
2. Көркемдік жетекшi, әдіскер, аға кинооператор, аға музыкалық жетекші, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бөлім меңгерушісі, мұражай меңгерушісі, бағдарламашы, аккомпаниатор, әртiс, әнші, музыкант, кiтапханашы, библиограф, музыкалық операторы, мәдени ұйымдастырушы, суретшi, суретші-безендіруші, хореограф, жарық аппаратының инженері.
12 Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн спорт мамандары лауазымдарының тiзбесi
Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң
2009 жылғы 23 қаңтардағы
N 52 қаулысына 4 қосымша
Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн
спорт мамандары лауазымдарының тiзбесi