Сырдария ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Сырдария ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы
- Атауы (қаз.)
- Сырдария ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 18
- Қабылданған күні
- 25.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 10.12.2009 · қолданыстағы 44265_215365.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.12.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08LH000083
- ЭКБ идентификаторы
- 44265
- Редакция идентификаторы
- 44265_215365
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:12
0 Сырдария ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына сәйкес ШЕШЕМІН:
1
1. "Сырдария ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (М.Сулейменов келісім бойынша) тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеуді жүргізетін аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында ұйымдастыру ұсынылсын.
2 2. Тереңөзек кенті және ауылдық округі әкімдері аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесіп азаматтарды есепке алу, азаматтардың аудандық шақыру учаскесіне есепке тұруы үшін уақытылы және дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
3
3. "Сырдария аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Б.Досанов, келісім бойынша) тіркеуді жүргізу кезінде аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесіп, аудандық шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын және азаматтардың шақыру учаскесіне келуін бақылау жасап, тіркеуден бас тарту әрекеттерін болдырмау жөнінде шаралар қабылдау ұсынылсын.