О социальной помощи отдельным категориям граждан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О социальной помощи отдельным категориям граждан
- Атауы (қаз.)
- Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 41
- Қабылданған күні
- 28.01.2009
- Көрсетілген редакция
- 05.02.2018 44290_291941.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09NN000100
- ЭКБ идентификаторы
- 44290
- Редакция идентификаторы
- 44290_291941
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:55
0 Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 64-бабының 1-тармағына "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына 1-тармағының 14-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 20005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11-бабының 2-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, "Қостанай ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" Қостанай аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 124 шешімін (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тіркелемінде 2008 жылы 30 желтоқсанда 9-14-96 нөмірімен тіркелген) іске асыру мақсатында Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтажды азаматтарға әлеуметтік көмек" және "Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламаларын іске және жүзеге асыру үшін, республикалық бюджет туралы Заңымен белгіленген тиісті жылға айлық есептік көрсеткіш есебінен, аудандық бюджеттен мынадай әлеуметтік өлеулер белгіленсін:
1 1) айлық есептік көрсеткішін он бес есе ұлғайту мөлшерінде қайтыс болған кәмелетке толмаған жасөспірімдерді жерлеуге, ата-анасының біріне немесе заңды өкілге (асырап алушы, асыраушы) әлеуметтік көмек тағайындалады;
2
2) айлық есептік көрсеткішін он бес есе ұлғайту мөлшерінде әлеуметтік көмек қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге тағайындалады, яғни қайтыс болған сәтінде жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелген болса және қайтыс болғанның отбасы мүшелеріне, қайтыс болғанға дейін бірге тұрған немесе жерлеуді іске асырған тұлғаларға;
3
3) айлық есептік көрсеткішін он есе ұлғайту мөлшерінде Қазақстан Республикасы немесе Қостанай облысынан тысқары жерлерде орта білім алу үшін арнайы үлгідегі білім ұйымдарында оқып жатқан көз ауруы бойынша мүгедектерге жыл сайынғы біржолғы әлеуметтік көмек арнайы үлгідегі білім ұйымдарында оқып жатқан көз ауруы бойынша мүгедектерге тағайындалады және төленеді;
4
4) есептік құжаттары негізінде тексеру құнынан жүз пайыз мөлшерінде 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек, отбасының кіретін кірісіне байланыссыз, мүгедек баланың ата-анасына не өзге заңды өкілдеріне тағайындалады және төленеді;
5 5) айлық есептік көрсеткішін он есе ұлғайту мөлшерінде амблаториялық емделу кезінде қосымша тамаққа, туберкулез ауруымен ауратын азаматтарға жыл сайынғы біржолғы әлеуметтік көмек;
6 6) оқу жылының кезеңіне, айлық есептік көрсеткішін сегіз есе ұлғайту мөлшерінде үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек, ата-анасының біріне немесе заңды өкілге (асырып алушы, асыраушы) тағайындалады;
7 7) гигиеналық құралдарға мұқтаж мүгедектерге әлеуметтік көмек гигиеналық құралдарға мұқтаждығы туралы ұсыныммен оналтудың жеке бағдарламасы мүгедектерге төленеді;
8
8) спорттық сынып оқушыларының тамақтануларын күшейтуді ұйымдастыру үшін, гандбол ойыны бойынша Қостанай облысы құрама командасының мүшелері болып саналатын әр оқушығы оқу жылы мерзіміне ай сайын айлық есептік көрсеткішін үш есе ұлғайту мөлшерінде ата-анасының біріне немесе заңды өкілге (асырып, алушы, асыраушы) әлеуметтік көмек тағайындалады;
9 9) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөнінде уәкілетті органда есепте тұрмаған және жинақтаған зейнетақы қоры болмаған азаматтарды жерлеуге шұғыл жағдайда он бес есе айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек;
10 10) шұғыл әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларына біржолғы әлеуметтік көмек;
11 11) комиссия шешімі бойынша мемлекеттік мерекелерде және көпшілік қоғамдық аудандық іс-шараларда жеке санаттағы азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек;
12 12) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектері мен оларға теңесетін тұлғалар үшін тұрмыстық қажеттеріне әлеуметтік көмек;
13 13) аз қамтылған азаматтарды құжаттандыруға ерекше жағдайда әлеуметтік көмек;
14
14) Студент жастарға оқу күны көлемінде әлеуметтік көмек алуға үміткерлерді іріктеу бойынша комиссия шешімі негізінде жоғары, орта кәсіби оқу орындарында оқуға ақша төлеу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету, төлем оқу орнының тиісті кезеңге оқу күнының көлемі туралы анықтама негізінде жылына 2 рет төленеді;
15 15) Қостанай ауыл шаруашылық колледжі жанындағы кәсіби техникалық оныншы тобының, табыс деңгейлері төмен отбасылардан құралған оқушыларға оқу жылына білім алуға байланысты шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек.
Қостанай ауданы әкімиятының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қостанай ауыл шаруашылық колледжі берген тізім негізінде бөлінген қаржағы сәйкес білім алу кезеңінде төлемді жүргізсін.
Жастары он алтыға толған тұлғаларға оқуға төлем жеке куәлігі негізінде төленеді, ал он алтығы толмағандарға оқуға төлем оқушының жеке арызы негізінде өндірістік білім беру шебері арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Жерлеуге толенетін жәрдемақы мына жағдайда жүзеге асырылады, егер отініш қайтыс болған күнінен бастап қайтыс болған күнінен бір жылдан кешіктірмей туссе.
3 3. Әлеуметтік комекті төлеу уәкілетті орган ұсынған тізімге сәйкес, банктік операция түрлеріне сай Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмекті алушының жеке шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүзеге асырылады.
4 4. Қостанай ауданы әкімиятының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган), 1-тармағының 1)-тармақшасынан 8)-тармақшасына дейін атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөнінде уәкілетті орган болып анықталсын.
5 5. Әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім құжаттарды қабылдаған күннен он күн ішінде уәкілетті органмен қабылданады.
6 6. Анықталсың, әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім, ұсыналған әлеуметтік көмектің мөлшері осы қаулының 1-тармағының 9)-тармақшасынан 14)-тармақшасына дейін атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссиямен бір айдың ішінде қабылданады.
7 7. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтажды азаматтарға әлеуметтік көмек" және "Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламалары бойынша өткізілсін.
8 8. Қосымшаға сәйкес жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмекті тағайында үшін қажетті құжаттардың тізбесі бекітілсін.
9 9. Құжаттар түпнұсқа және көшірме турінде салыстыру үшін ұсынылады.
Салыстырғаннан кейін құжаттардаң тупнұсқасы арыз берушіге қайтарылады, ал көшірмелері куәландырылады және іске тігіледі.
10
10. "Қостанай ауданының 2008 жылғы арналған бюджеті туралы" Қостанай аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 22 шешімін іске асыру туралы" Қостанай ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 27 маусымдағы № 303 қаулысының (Нормативтік құқуықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде 2008 жылғы 24 шілдедегі 9-14-82 нөмірімен тіркелген, аудандық "Көзқарас-Взгляд" газетінде 2008 жылғы 4 тамызда жарияланған), "Студент жастарға білім алуға байланысты шағындарды жартылай өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2008 жылғы 10 қыркүйектегі № 443 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде 2008 жылғы 24 қазандағы 9-14-88 нөмірімен тіркелген, аудандық "Көзқарас-Взгляд" газетінде 2008 жылғы 7 қарашада жарияланған), "Қостанай ауыл шаруашылық колледжі жанындағы бюджеттік топқа оқуға бағытталған жастарды әлеуметтік қолдау туралы" 2008 жылғы 10 қыркүйектегі № 442 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде 2008 жылғы 24 қазанда 9-14-87 нөмірімен тіркелген, аудандық "Көзқарас-Взгляд" газетінде 2008 жылғы 7 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
11 11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ч. Досжановқа жүктелсін.
12 12. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған қатынастарға қолданылады.
28 Әкімдіктің
2009 жылғы 28 қаңтардағы
№ 41 қаулысымен бекітілген
Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік
көмекті тағайындау үшін құжаттар тізбесі