Құжат мәтініне өту

Об утверждении "Правил содержания собак и кошек в Бородулихинском районе"

Ереже · № 16-8-IV · қабылданған 09.02.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-44303/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении "Правил содержания собак и кошек в Бородулихинском районе" Күшін жойған Ереже ·№ 16-8-IV ·09.02.2009
08.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении "Правил содержания собак и кошек в Бородулихинском районе"

Күшін жойған Ереже ·№ 16-8-IV · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении "Правил содержания собак и кошек в Бородулихинском районе"
Атауы (қаз.)
Бородулиха ауданында иттер мен мысықтарды ұстау ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
16-8-IV
Қабылданған күні
09.02.2009
Көрсетілген редакция
08.06.2012 AI44303_2.kaz
Соңғы өзгеріс
08.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09VH000080
ЭКБ идентификаторы
44303
Редакция идентификаторы
AI44303_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:49

0 Бородулиха ауданында иттер мен мысықтарды ұстау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 3 бабының 2 тармағына,  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. «Бородулиха ауданында иттер мен мысықтарды ұстау ережесі» (қосымша берілген) бекітілсін.

2 2. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Бородулиха ауданында иттер мен мысықтарды ұстау   ЕРЕЖЕСІ

Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 9 ақпандағы
№ 16-8-IV шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
Бородулиха ауданында иттер мен мысықтарды ұстау
  ЕРЕЖЕСІ

1 1. Жалпы ереже

Осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы  № 155 “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 3 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес әзірленген.

1 1. Осы ереже аудан аумағындағы иттері және мысықтары бар бұдан әрі мәтін бойынша “Иелер” деп аталатын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

2

2. Иттері және мысықтары бар иелер санитарлы - гигиеналық, ветеринарлы - санитарлық нормаларды және осы жануарлардың жалпы қолданыстағы орындарды ластауына жол бермеуді,сондай-ақ адамдар қауіпсіздігін міндетті түрде қамтамасыз етуді, 23.00-ден 07.00-ге дейін тыныштықты қамтамасыз етуді қоса ала отырып, оларды ұстау ережісін қатаң сақтауға міндетті.

3 3. 2 тармақта көрсетілген талаптарды сақтаған жағдайда ұстауға рұқсат етіледі:

1 1) жеке үйлерде жақсы қоршалған аумақтарда иттерді ұстауға, иттің бар екендігі туралы кірер есікте ескертпе жазба болуы тиіс;

2

2) санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызметтердің рұқсатымен балалар және жасөспірімдер мекмелеріндегі, жазғы және қысқа сауықтыру санаторлы-курортты мекемелердегі (санаторийлердегі, демалыс үйлеріндегі, пансионаттардағы) зообұрыштарда, тірі табиғат мүйістерінде иттерді, мысықтарды және басқа жануарларды ұстауға;

3 3) мекемелер мен ұйымдардағы күзетші иттерді тек байлауда немесе торларда ұстауға;

4 4) тиым салатын жазбалар болмаған жағдайда иесінің тұмылдырық кигізген және қысқа қарғыбауға байлаған итімен мекемелерге, азық-түліктік емес дүкендерге, поштаға баруына.

4 4. Иттер мен мысықтарды көліктерде тасымалдау жолаушылардың мазасын алмайтын жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс. Бұл кезде жануарлар не тұмылдырықтанған, не арнайы торларда, сөмкелерде болуы тиіс.

5

5. Қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, кіші саябақтарда және басқа жерлерде) байлаулы қалтырылғандарынан басқа иесіз жүрген иттер қаңғыбас иттер деп саналады және оларды қаңғыбас иттерді аулайтын және өлген жануарлардың өліктерін жинайтын мамандандырылған мекеме аулайды және бес тәулік бойы арнайы торларда ұстайды.

2 2. Иттер мен мысықтар иелерінің міндеттері

6 6. Жануарлардың иелеріне төмендегіні сақтауға:

1 1) сатып алған уақытынан бастап екі апта мерзімі ішінде өз жануарларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің аудандық аумақтық басқармасының ветеринарлық инспекция бөлімінде тіркеуге, әсіресе жауынгер текті иттері бар иелер;

2 2) жануарларды үнемі егіп отыруды жүргізуге;

3 3) иттер мен мысықтардың тістеген, жарақатаған жағдайлары туралы дәрігерлік мекемелерге, аудандық ветеринарлық станцияға жедел хабарлауға;

4 4) адамдар мен жануарларды тістеген немесе оларда жарақатаған иттер мен мысықтарды тексеру үшін және карантиндік іс-шараларды өткізу үшін ветеринарлық станцияға жедел жеткізуге;

5 5) көшелерден өткенде иттерді қысқа қарғыбаумен, ірі иттерді тұмылдырықпен ұстауға;

6 6) қолданысында жер телімі бар болса еркін серуендеп жүрген иттерді жақсы қоршалған аумақтарда немесе байлауда ұстауға. Учаскеге кірер жерде иттің бар екендігі туралы ескертпе жазба болуы тиіс;

7 7) жануарларды олардың биологиялық қажеттіліктеріне сәйкес ұстауға, оларға адамгершілікпен қарауға, қараусыз, тамақсыз, сусыз қалдырмауға, ұрып-соқпауға, ал ауырып қалған жағдайында дер кезінде ветеринарлық көмекке жүгінуге;

8 8) одан әрі ұстау мүмкіндігі болмаған жағдайда басқа тұлғаға беруге немесе ветеринарлық мекемелерге тапсыруға;

9 9) жануар өлген жағдайда өлігін ветеринарлық немесе қаңғыбас иттерді аулау және өлген жануарлардың өлігін жинау жөніндегі мамандандырылған мекемеге өткізуге.

7 7. Жануарлар иелеріне тиым салынады:

1 1) жануарларды балалардың аула алаңдарының, мектепе дейінгі балалар мекемелерінің, мектептердің және оқу орындарының, денсаулық сақтау объектілерінің, спорт алаңдарының, саябақтардың, су қорғандарының және қала жағажайларының аумақтарында серуендетуге;

2 2) жануарларды жалпы қолданыстағы жерлерде: кіре берістерде, саты алаңында және шатырларда, жертөлелерде, жатақхана дәліздерінде ұстауға;

3 3) аудан аумағында ит төбелестерін өткізуге;

4 4) белгіленбеген орындарда ветеринарлық анықтамасыз және жануарларға арналған құжаттарсыз (төлқұжат, күшік картасы, тектік сертификат) күшіктер мен иттерді, мысықтарды сатуға;

5 5) өлген жануардың өлігін лақтырып тастауға немесе өздіктерінен көмуге.

3 3. Үй жануарлары иесінің құқықтары

8 8. Кез-келген жануарлар өз иесінің жеке меншігі болып табылады және барлық жеке меншік сияқты заңмен қорғалады.

9 9. Құтырма аурумен ауырған жағдайлардан басқа кезде жануарлар иесінен тек оның келісімі арқылы ғана алына алады.

10 10. Иесі итін қысқа қарғыбауға байлап (ірі иттерді - тұмылдырықтап) дүкеннің немесе басқа мекеменің жанына шектеулі уақытқа ғана қалдыруға құқылы.

4 4. Осы ережелерді сақтамағандары үшін жануарлар иелерінің жауапкершіліктері

11 11. Осы ережелерді бұзғаны үшін жануар иелері Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 311 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

12 12. Жануарларға олардың өлуіне немесе жарақат алуына әкеліп соғатындай  қатігездікпен қарағаны үшін иелері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

5 5. Тұрғын үйлер кооперативтерінің, жеке меншік пәтер иелері кооперативтерінің, кондоминиумдардың иттер мен мысықтарды ұстау ережелерін қамтамасыз ету бойынша міндеттері

13 13. Жеке меншік пәтер иелерінің кооперативтері, тұрғын үйлер кооперативттері, кондоминиумдар міндетті:

1

1) жеке меншік пәтер иелерінің кооперативтеріне, тұрғын үйлер кооперативттеріне, кондоминиумдарға тиесілі аумақтада немесе құрылыстан бос шағын аудандардың (кварталдардың) және кооперативтің қосалқы жерлерінің аумақтарында жазба-тақтайшалар мен белгілер орната отырып, иттерді серуендететін орындарды анықтауға;

2 2) иттерді серуендету белгіленген аулалық аумақтардың санитарлық жағдайын қамтамасыз етуге;

3 3) жануарлардың кіріп кетуін болдырмау үшін жертөлелерге, шатырларға және басқа да қосалқы үй-жайларға кіретін есіктерді жабық ұстауға;

4 4) жануарларды аулаумен айналысатын ұйымдарға өздерінің аумақтарында қаңғыбас мысықтар мен иттердің бар екендігі туралы хабарлауға.

6 6. Ветеринарлық қадағалау органдарының міндеттер

14 14. Ветеринарлық қадағалау органдарына төмендегіні кәжетті:

1 1) жануар иелерінің ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды орындауына, олардың өткізілу мерзімдеріне қадағалау жүргізуді жүзеге асыру;

2 2) жануарлар ауруларының алдын алу, халықты жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғау, ауданда ветеринарлық-санитарлық жақсы жағдайды қамтамасыз ету үшін халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуге;

3 3) жануарлар ауруларының алдын алу және оларды емдеу бойынша жануарлар иелеріне білікті көмек көрсетуге.

Аудан әкімі аппаратының басшысы
В. Бастриков

Қолданыстағы