О предоставлении Японской Национальной Нефтяной Корпорации (ЯННК) право временного использования земельных участков для проведения бурения разведочной скважины в Байганинском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении Японской Национальной Нефтяной Корпорации (ЯННК) право временного использования земельных участков для проведения бурения разведочной скважины в Байганинском районе
- Атауы (қаз.)
- Байғанин ауданынаң Жапондық Ұлттық Мұнай Корпорациясына /ЖҰМК/ бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін барлау скважинасына жер учаскелерін уақытша пайдалану құқығын беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 140
- Қабылданған күні
- 17.08.1999
- Көрсетілген редакция
- 17.08.1999 4431_190203.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.08.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99C000222_
- ЭКБ идентификаторы
- 4431
- Редакция идентификаторы
- 4431_190203
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:58
0 Байғанин ауданынаң Жапондық Ұлттық Мұнай Корпорациясына /ЖҰМК/ бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін барлау скважинасына жер учаскелерін
уақытша пайдалану құқығын беру туралы
Қазақстан республикасы Президентінің Заң күші бар № 2717 1995 жылғы 22 желтоқсандағы "Жер туралы" Жарлығының 51 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 наурыздағы № 299 "Ауыл және орман шаруашылығы жерлерін қажеттілік үшін алу және өз мақсаттарында пайдаланбаған жағдайда келтірілген зиянды анықтау туралы" қаулысы
негізінде Облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 1 сәуірдегі МГ-959 /мұнай/ берген лицензиясына сәйкес Жапондық Ұлттық Мұнай Корпорациясына
көлемі 105 гектар жайлымдық жерді 2001 жылға деиін уақытша пайдалану
құқығы көміртегі шикизаттарын іздестіру мақсатыңда Маниса-1 барлау
скважинасын қоңдырып бұрғылау жүмыстарын жүргізу және кірме жолдары құрылысын салу үшн "Өтебай" шаруа қожалығы территориясынан бөлінсін.
2. Уақытша жер құқығын пайдалануға берілгеннен ауыл шаруашылығына
келтірілген зиянның есебі қосымшаға сәйкес 184800 теңге мөлшеріңде бекітілсін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 маусымдағы № 708 қаулысы негізінде республика бюджетіне аударылсын.
3. Жапоңдық Ұлттық Мұнай Корпорациясына:
1) "Өтебай" шаруа қожалығына келтірілген зияңды реттелген тәртіппен өтеу
жүктелсін.
2) Бұрғылау және іздестіру жұмыстары аяқталғаннан кейін уақытша пайдалалынған жер учаскелерін қалпына келтіріп бұрынғы жер
пайдаланушыларға қайтарылсын.
4. Бұрғылау және іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жерді жалға беру туралы келісім-шарт жасау және осы шешімнің орындалуын қадағалау Байғанин ауданының әкіміне /Айжарықов Т./ жүктелсін.
7 Облыс Әкімінің 1999 жылғы
«18» тамыздағы № 140
шешіміне қосымша
Байганин ауданының территориясынан Жапондық Ұлттық Мұнай Копорациясының барлау скважина с бұрғылау барысында уақытша жерді пайдаланғаннан ауыл шаруашылығына келетін зиянның ЕСЕБI
№№
п/п
Атқарылатын
жұмыстар
Жапырақтың
типі
Көлемі
гектар
1 гектардың
бағасы
теңге
Барлығы
сомасы
теңге
1 жыл 4 айға
төленетін
соманың
5 % мөлшері
Барлау
скважинасын
бұрғылау
Қоныр
105
35400
2772000
184800
Ескерту: Көрсетілген соманы 201301 кодқа аудару керек есеп шот 008200, алушы аудаңдық салық комитеті, МФО 190307018, РНН 60500000395.