Біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16/101-IV
- Қабылданған күні
- 23.01.2009
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2012 · қолданыстағы AI44316_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09UB000069
- ЭКБ идентификаторы
- 44316
- Редакция идентификаторы
- AI44316_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:58
0 Біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 100-IV Заңының 36 бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандары үшін біржолғы талондардың құнының мөлшері 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандары, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құнының мөлшері 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3 3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құнының мөлшері
Арыс қалалық мәслихатының
2009 жылғы 23 қаңтардағы
N 16/101-IV шешіміне 1 қосымша
Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құнының мөлшері
№
Қызмет түрлерінің тізбесі
Бір жолғы талонның құны (теңге)
1
Сату (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда)
1) газеттер мен журналдар
2) тұқым, сондай-ақ, отырғызылатын материал (екпелер, көшеттер)
3) бақша дақылдары
4) саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдер
5) қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдері
6) жануарлар мен құстардың жемдері
7) сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегі
8) Бал, саңырауқұлақ және балық
100
100
100
120
100
100
100
150
2
Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметі
400
3
Үй жануарлары мен құстарын бағу
150
5 Базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құнының мөлшері
Арыс қалалық мәслихатының
2009 жылғы 23 қаңтардағы
N 16/101-IV шешіміне 2 қосымша
Базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құнының мөлшері
№
Тауар, жұмыс және қызмет түрлері
Бір жолғы талонның құны (теңге)
1.
Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтер
1
Ұн, нан және нан тағамдары, кондитерлік тауарлар
150
2
Еттер
150
3
Сүт, айран, қымыз, қаймақ, құрт, қымыран
90
4
Көкөніс, жеміс-жидектер, азық-түлік тауарлары, заттар, майлар, сусындар (1 шаршы метр)
150
5
Құрғатылған жемістер
150
6
Қыстық, жаздық және басқадай мезгілдік сыртқы, ішкі киімдер, өндірістік трикотаж заттары, маталар, бас киімдер, аяқ киімдер, кілемдер, төсеніштер, жамылғылар, бағалы металдан жасалған заттар (2 шаршы метр)
200
7
Теле-радио, аудио-видео аппараттар, оның бөлшектері, музыкалық аспаптар, аппараттар, тоңазытқыштар, кір жуатын машиналар, мәдениет тауарлары
150
8
Кеңсе тауарлары, парфюмерия, косметика тауарлары, шұлықтар, носкилер, бижутерия, гирляндалар, ойыншықтар, сағаттар, шаруашылық-тұрмыстық заттары, тауарлары, электр тауарлары
120
9
Жеңіл көліктер, ауыл шаруашылық техникалары, автобустар, арбалар (1 кіріп шыққаны)
150
10
Мото-вело тауарлары, олардың қосалқы бөлшектері, автобөлшектер, балалардың коляскалары, сырғанақтар
100
11
Құрылыс материалдары, заттар
150
12
Ірі қара малдар, жылқылар, түйелер
150
13
Қойлар, ешкілер, есектер
100
14
Құстар мен аңдар, иттер
90
15
Жемдер (2 шаршы метр)
200
16
Гүлдер
150
17
Аяқ киім жөндеу және басқа да шұғыл тұрмыстық қызметтер көрсету
100
18
Ұсақ-түйек заттары, тауарлары
100