О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в городе Кокшетау
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в городе Кокшетау
- Атауы (қаз.)
- Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер, мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С-20/5
- Қабылданған күні
- 12.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 30.03.2015 44334_178332.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09BA000099
- ЭКБ идентификаторы
- 44334
- Редакция идентификаторы
- 44334_178332
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:47
0 Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер, мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, өзге де инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеудің, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орыны болып, Смағұл Сәдуақасов пен Ш. Құсайынов атындағы көшелердің қиылысындағы «№ 2 Көкшетау селолық құрылыс» мәдениет және демалыс саябағы анықталсын.
2
2. Көкшетау қалалық мәслихатының 2005 жылғы 21 қазандағы № С-25/6 «Көкшетау қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер мен пикеттер және демонстрация өткізетін орындарды анықтау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде 1-1-22 нөмірімен тіркелген, “Көкшетау” және “Степной маяк” газеттерінің 2005 жылғы 27 қазандағы 45 нөмірінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім Көкшетау қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Көкшетау
қаласының әкімі Б.Сапаров