Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о порядке установления организациям минимального количества рабочих мест (квоты) для приема на работу лиц, нуждающихся в социальной защите

Ереже · № 9-271 · қабылданған 01.09.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4434/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении Положения о порядке установления организациям минимального количества рабочих мест (квоты) для приема на работу лиц, нуждающихся в социальной защите Күшін жойған 01.09.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Положения о порядке установления организациям минимального количества рабочих мест (квоты) для приема на работу лиц, нуждающихся в социальной защите

Күшін жойған Ереже № 9-271 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о порядке установления организациям минимального количества рабочих мест (квоты) для приема на работу лиц, нуждающихся в социальной защите
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға ең аз жұмыс орындарын (квота) белгілеу тәртібінің Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
9-271
Қабылданған күні
01.09.1999
Көрсетілген редакция
01.09.1999 4434_243986.kaz
Соңғы өзгеріс
01.09.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99D000117_
ЭКБ идентификаторы
4434
Редакция идентификаторы
4434_243986
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:56
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға ең аз жұмыс орындарын (квота) белгілеу тәртібінің Ережесін бекіту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 24.08.2004 № 8-87 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 маусым 1999 жылғы N 855 "Әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға ең аз жұмыс орындарын (квота) белгілеу мәселелері" туралы қаулысын орындау мақсатында Облыс Әкімі шешім қабылдады:

1. "Әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға ең аз жұмыс орындарын (квота) белгілеу тәртібінің Ережесі" қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Аудан және қала әкімдері, әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды

жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға ең аз жұмыс орындарын (квота) белгілеу
жұмыстарын ұйымдастырсын.

3. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау

басқармасы жұмыс орындарын (квота) белгілеу жұмыстарын жетілдіру мен
үйлестіруді іске асырсын.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің - бірінші

орынбасары В. Долженковқа жүктелсін.

5 Алматы облысы Әкімінің

1999 жылғы 2 қыркүйектегі
шешіміне қосымша
Әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа
қабылдау үшін ұйымдарға ең аз жұмыс орындарын
(квота) белгілеу тәртібі туралы
Ереже
Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заң күші бар Жарлығына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 маусым 1999 жылғы N 855 қаулысымен бекітілген "Әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға ең аз жұмыс орындарын (квота) белгілеудің тәртібі туралы үлгі ережеге" сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

1. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік

қорғауға аса мұқтаж, жұмысқа тұруда қиындық көріп жүрген азаматтарға
жұмысқа орналасуға ықпал етеді, оның ішінде:
- 20 жасқа дейінгі жастарға;
- 16 жасқа толмаған мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата-аналарға,
мүгедектерге;
- жұмыстан соңғы босатылған негізіне қарамастан ұзақ уақыт, бір
жылдан астам уақыт бойында жұмысы жоқ адамдарға;
- зейнеткерлік алдындағы (зейнеткерлікке шығуына дейін 2 жыл қалған)
адамдарға;
- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, сот шешімі бойынша
мәжбүрлі емдеуден өткен адамдарға;
- босқындарға, оралмандарға (көшіп келушілерге).

2. Әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж адамдарды жұмыспен қ.3амту үшін меншік нысанына қарамастан ұйымдарға жұмыс орындарының ең аз саны (квота) белгіленеді.

Жұмыс орындары (квота) - бұл ұйымдардағы жұмыс орындарының әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін белгіленген бөлігі.

2. Квоталарды белгілеудің шарттары мен тәртібі

3. Квота туралы нақты ұсыныстарды әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж адамдар топтарының мүдделерін қорғайтын қоғамдық ұйымдардың қатысуымен аймақтағы жұмыс күшіне сұранымды және ұсынымды талдаудың, болжаудың негізінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар әзірлейді.

Квоталарды белгілеу кезінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдардың жасы мен жыныстық құрамы, мамандығы мен біліктілік деңгейі, сондай-ақ ұйымдардағы қызмет түрі, режимі (тәртібі) сипаты мен әлеуметтік-тұрмыстық еңбек жағдайы ескеріледі.

4. Аудандар мен қалалардың әкімдері жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар ұсынған ұсыныстардың негізінде тиісті шешімдерімен өз аумағында орналасқан ұйымдарға әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж адамдарды қабылдау үшін жұмыс орындарына квота және оны енгізу мерзімін белгілейді.

5. Квота мөлшері (ұйымда жұмыс істейтін адамдар санының 5%-нен аспайтын) жыл сайын кемінде бір жыл мерзімге белгіленеді.

6. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар белгіленген квота туралы жұмыс берушілерді квотаны енгізуден бір ай бұрын хабардар етеді.

7. Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес азаматтардың осы Ереженің 1-ші тармағында көрсетілген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін қажетті жұмыс орындарын құрады немесе бөледі.

8. Квота бойынша жұмыс орындарына еңбекке орналастыру жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша жүргізіледі.

3. Жұмыс берушілердің әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж адамдардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етудегі міндеттері және жауапкершілігі

9. Жұмыс берушілер жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жіберген азаматтарды әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж адамдарға арналған квотаға сәйкес жұмысқа қабылдауға міндетті.

10. Белгіленген квоталардың шеңберінде құрылған немесе бөлінген, босаған жұмыс орындары туралы ақпаратты жұмыс берушілер олар пайда болған күннен бастап үш күн мерзім ішінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

11. Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес жұмысқа біреуді алатын болса, ол туралы 5 күн мерзім ішінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға оның жұмысқа тұрған күні көрсетілген хабарламаны беруге міндетті.

12. Ұйымдарды жою немесе қызметкерлерінің санын, штат кестесінің қысқартылуы сияқты шараларды жүргізген кезде квота бойынша белгіленген жұмыс орындарының санын ағымдағы жылдың бітуіне дейін қысқарту тек қана аудан (қала) әкімінің келісімімен ғана болады.

13. Аудан (қала) әкімінің жұмыс орындарын квоталау туралы шешімін орындамаған немесе әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарды жұмысқа орналастырудан жалтарған жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.

14. Квотаның есебінен бөлінген жұмыс орындарының толығуын бақылауды жергілікті атқарушы органдар, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың инспекциясы жүзеге асырады.