Құжат мәтініне өту

Некоторые вопросы акционерного общества "Казахстанское контрактное агентство"

Қаулы · № 201 · қабылданған 20.02.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-44366/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Некоторые вопросы акционерного общества "Казахстанское контрактное агентство" Қолданыста Қаулы ·№ 201 ·20.02.2009
28.08.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Некоторые вопросы акционерного общества "Казахстанское контрактное агентство"

Қолданыста Қаулы ·№ 201 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Некоторые вопросы акционерного общества "Казахстанское контрактное агентство"
Атауы (қаз.)
"Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
201
Қабылданған күні
20.02.2009
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI44366_6.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090000201_
ЭКБ идентификаторы
44366
Редакция идентификаторы
AI44366_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:42

0 "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне берсін;

2 2) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.

3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 20 ақпандағы
N 201 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер

1 1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:

көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-6-жолмен толықтырылсын:
"20-6. "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" АҚ;
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне" деген бөлімде:
реттік нөмірі 289-жол алынып тасталсын.

2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 454 Қаулысымен.

3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

Қолданыстағы