Некоторые вопросы акционерного общества "Казахстанское контрактное агентство"
Қолданыста
Қаулы
·№ 201
·
15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Некоторые вопросы акционерного общества "Казахстанское контрактное агентство"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 201
- Қабылданған күні
- 20.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI44366_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P090000201_
- ЭКБ идентификаторы
- 44366
- Редакция идентификаторы
- AI44366_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:42
0 "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне берсін;
2 2) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 20 ақпандағы
N 201 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
1 1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-6-жолмен толықтырылсын:
"20-6. "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" АҚ;
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне" деген бөлімде:
реттік нөмірі 289-жол алынып тасталсын.