Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О некоторых проблемах предприятий, производящих вино-водочную продукцию

Өзге акт · № 5-157 · қабылданған 18.05.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4437/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О некоторых проблемах предприятий, производящих вино-водочную продукцию Күшін жойған 18.05.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О некоторых проблемах предприятий, производящих вино-водочную продукцию

Күшін жойған Өзге акт № 5-157 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых проблемах предприятий, производящих вино-водочную продукцию
Атауы (қаз.)
Арақ-шарап өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5-157
Қабылданған күні
18.05.1999
Көрсетілген редакция
18.05.1999 4437_244009.kaz
Соңғы өзгеріс
18.05.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99D000120_
ЭКБ идентификаторы
4437
Редакция идентификаторы
4437_244009
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:09
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Арақ-шарап өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың кейбір мәселелері туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 24.08.2004 № 8-87 шешімімен.
Алматы облысы аумағында арақ-шарап өнімін өндіретін кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметінің тоқтап қалмауын және лицензияларды негізсіз кері қайтарып алуды болдырмау үшін, сондай-ақ салықтар мен төлемдердің бюджетке жоспарлы түрде түсуіне және өндірушілердің шығаратын өнімдерін ұлғайтуға көмек көрсету мақсатында облыс Әкімі
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Аудан мен қала әкімдері:

- алкогольді өнімдерді өндіруші кәсіпорындардың қызметін ерекше бақылауға алсын;
- кәсіпорын бақылаушы органдар тарапынан жабылып қалған жағдайда, оның жұмысын жандандыруға шұғыл шаралар қолдансын;
- мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелері спиртті тек "Талғарспирт" АҚ-нан сатып алсын.

2. Экономика комитеті (Е. Адасбаев) арақ-шарап өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың ағымдағы мәселелерін шешуге іс жүзінде көмек көрсету мақсатында әдістемелік кеңес құрсын.

3. Салық комитеті (Л. Нұрбекова), салық полициясы комитетінің басқармасы (С. Куринов) арақ-шарап бұйымдарын өндіруші кәсіпорындарда акциздік постылардың жұмысын күшейтсін, ҚР Үкіметінің 1998 ж. 16.06-дағы " Алкогольдi өнiмдердiң айналымын реттеу жөнiндегi шаралар туралы" N 543 Қаулысын сөзсіз орындауды қамтамасыз етсін.

4. Ішкі істер басқармасы (Т. Құлыбаев), салық полициясы комитетінің басқармасы (С. Куринов), Алматы облыстық Кеден басқармасы (А. Мырзахметов) контрабандалық әкелімдерге және акцизі жоқ тауарларды өндіру мен сатуға күресті күшейтсін.

5. Кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту комитеті (Ғ. Толқымбаев) "Алматы облысында 1999-2000 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау Бағдарламасы" бойынша спиртті өнімдерді өндіруші кәсіпорындарға несие беру жүйесі арқылы қолдау мен дамытуға бағытталған шараларды қабылдасын.

6. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет (Я. Баратов):

- есептегіштер құнының негізділігі және оларды спиртті ішімдік өнімдерін өндіретін кәсіпорындарда орнату үшін көрсетілетін қызметтің өзіндік құны туралы мәселелерді қарасын;
- "Талғарспирт" АҚ-да белгіленуіне бақылауды жүзеге асырсын.

7. Ұсынылсын:

- алкогольді өнімдерді шығаратын өндіруші кәсіпорындар спиртті "Талғарспирт" АҚ-нан сатып алсын;
- сауда кәсіпорындары сатуға негізінен Алматы облысы аумағында шығарылған арақ-шарап өнімдерін қабылдасын;
- алкогольді өнімдерді шығару және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі Шығыс Қазақстан аумақтық басқармасы (Н. Камардинов) алкогольді өнімдерді шығару және көтеріп сату лицензиясын кері қайтарып алған жағдайда, аудан мен қала әкімдеріне хабарлап отырсын;
- жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жабылып қалмауын және өндірістің тоқтап қалу жағдайларын болдырмау мақсатында, лицензиялау туралы заңды бұзған әрбір кәсіпорынмен алдын-ала жұмысты мына ретте:

а) лицензиялау туралы заңды бұзушылық пен оны жою мерзімі көрсетіліп, нұсқама жазып беру;

б) кәсіпорын басшыларына әкімшілік жолмен өндіріп алу шаралар қолдану;

в) лицензияларды кері қайтарып алуды жүргізбейінше, лицензияларды

ұзақ мерзімге кері қайтарып алу тәжірибесі тоқтатылсын.

8. "Жетісу", "Огни Алатау" газеттерінің редакциялары осы шешімді

жарияласын.

9. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің бірінші

орынбасары В. Долженковқа жүктелсін.