Құжат мәтініне өту

Об утверждении ставок фиксированного налога и размеров стоимости разовых талонов

Өзге акт · № 66/11 · қабылданған 30.01.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-44429/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении ставок фиксированного налога и размеров стоимости разовых талонов Күшін жойған Өзге акт ·№ 66/11 ·30.01.2009
30.01.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении ставок фиксированного налога и размеров стоимости разовых талонов

Күшін жойған Өзге акт ·№ 66/11 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении ставок фиксированного налога и размеров стоимости разовых талонов
Атауы (қаз.)
Тіркелген жиынтық салық ставкасын және біржолғы талондар құнының мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
66/11
Қабылданған күні
30.01.2009
Көрсетілген редакция
30.01.2009 AI44429_0.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09PD000055
ЭКБ идентификаторы
44429
Редакция идентификаторы
AI44429_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:52

0 Тіркелген жиынтық салық ставкасын және біржолғы талондар құнының мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы Заңының 36 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422 бабына сәйкес және Ақтоғай ауданының салық басқармасының 2009 жылғы 27 қаңтарда өткізген хронометраждық бақылаудың және зерттеудің күнбелікті орташа көрсеткіштері негізі бойынша, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Бір жолғы талон құны бір күн үшін келесі көлемде белгіленсін:

1 1) тұрғындарға тауарларды сату қызметі үшін:

өнеркәсіп тауарлары - 120 теңге;
азық-түлік тауарлары - 100 теңге;
ет, сүт сату - 100 теңге;
шекілдеуік - 20 теңге;
ізбес тас - 25 теңге;
газет-жұрналдар сату - 20 теңге;
тұқымдар, бау-бақшаға отырғызылатын материалдар (екпелер, көшеттер) - 50 теңге;
бақша тұқымдастар - 200 теңге;
үй жанындағы жер телімінде өсірілген гүлдер - 30 теңге;
ауыл шаруашылығы , бау-бақша және саяжай өнімдері – 50 теңге;
үй жануарлары үшін азық сату:
шөп - 300 теңге;
астық қалдықтары - 200 теңге;
сыпырғыштар, тоғай жидектері, саңырауқұлақтары - 60 теңге;
ағаш дайындау және сату - 150 теңге;

2 2) тұрғындарға қызмет көрсету бойынша:

жеке тракторлар иелерінің жер учаскелерін өңдеу және шөп шабу қызметі - 250 теңге;
автокөлік құралдарын айдап әкелу қызметін көрсету:
жақын шетелден - 500 теңге;
алыс шетелден - 1000 теңге;
үй құстарын және жануарларын бағу қызметі:
елді мекендер жерінде(күндізгі) - 70 теңге;
маусымдық орналастыру бойынша:
жылқы – 250 теңге;
ІҚМ - 150 теңге;
ҰҚМ (қой) – 75 теңге.

2 2. Ай сайынғы салық салу бірлігіне тіркелген салық ставкасы белгіленсін:

бір ойыншы мен ойнауға арналған ұтыссыз ойын автоматы 1 АЕК;
бірден көп ойыншы мен ойнауға арналған ұтыссыз ойын автоматы 1 АЕК;
ойын жүргізуге пайдаланатын компьютер 1 АЕК;
бильярд столы 3 АЕК.

3 3. Аудандық Мәслихаттың (4 сессия,3 шақырылым) 2004 жылғы 12 қаңтардағы "Бір жолғы талондар құны мөлшерін бекіту туралы" № 12/4 шешімінің, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу жөніндегі мемлекеттік реестрде тіркелген 2252, күші жойылды деп есептелсін.

4 4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.

Қолданыстағы