Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оценки и определения потребности в специальных социальных услугах

Бұйрық · № 79 · қабылданған 10.02.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-44444/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил оценки и определения потребности в специальных социальных услугах Күшін жойған Бұйрық ·№ 79 ·10.02.2009
18.04.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оценки и определения потребности в специальных социальных услугах

Күшін жойған Бұйрық ·№ 79 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оценки и определения потребности в специальных социальных услугах
Атауы (қаз.)
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
79
Қабылданған күні
10.02.2009
Көрсетілген редакция
18.04.2016 AI44444_6.kaz
Соңғы өзгеріс
18.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005560_
ЭКБ идентификаторы
44444
Редакция идентификаторы
AI44444_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:49

0 Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау ережесін бекіту туралы

"Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Г.А. Ділімбетоваға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау ережесі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 10 ақпандағы N 79
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2009 жылғы 28 қаңтардағы N 2
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2009 жылғы 28 қаңтардағы N 28-0
бірлескен бұйрығымен бекітілген
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау ережесі

1

1. Осы Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың (отбасылардың) арнаулы әлеуметтік қызметтерге деген қажеттілігін бағалау мен айқындаудың тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) – ағза функцияларының тұрақты бұзылуы салдарынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелулерін бағалау негізінде, куәландырылушы адамның әлеуметтік қорғау және оңалту шараларына қажеттіліктерін белгіленген тәртіппен айқындау;

2 2) медициналық және психологиялық-педагогикалық диагностика - орын алып отырған кемістіктерін анықтау және емдеудің, оқыту мен

тәрбиелеудің барабар жағдайларын айқындау үшін балалардың психофизикалық дамуын дисциплинаралық кешенді бағалау;

3 3) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация(ПМПК)– мүмкіндігі шектеулі балаларға диагностика жасау және консультация беру үшін құрылған арнаулы білім беру ұйымы;

4 4) әлеуметтік бейімсіздену - жеке адамның қоршаған ортамен

өзара іс-әрекетінің бұзылуы;

5 5) әлеуметтік депривация - адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өздігінен қанағаттандыру мүмкіндігінің шектелуі және (немесе) олардан айрылуы;

6 6) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган -

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі комитетінің аумақтық органдары.

3 3. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемі шеңберіндегі арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті арнаулы әлеуметтік

қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметті
қызметкер айқындайды.

4 4. Жергілікті атқарушы органдар арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкердің қорытындысының негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешім қабылдайды.

5 5. Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық әлеуметтік мекемелер мен ұйымдарда (бұдан әрі - МӘҰ) қызмет көрсетілетін өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арналған арнаулы

әлеуметтік қызметтердің түрлері мен көлемін осы МӘҰ-ның әлеуметтік
жұмыс жөніндегі маманы айқындайды.

6 6. Әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті айқындау үшін білім беру, денсаулық сақтау және өзге де бейін мамандарының қорытындысы

қажет болған жағдайда, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы
уәкілетті орган тиісті комиссияны құрады.

7 7. Мыналар:

1 1) ағза функцияларының бұзылушылықтарына қарай

айқындалатын тыныс-тіршілігінің шектелуі:

2 2) әлеуметтік бейімсіздену;

3 3) әлеуметтік депривация;

4 4) адамның (отбасының) өмір сүруінің, қалыптасуының және

қызметінің материалдық, экономикалық, әлеуметтік және рухани жағдайларының жеткіліксіздігімен немесе болмауымен сипатталатын қолайсыз әлеуметтік орта – өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың (отбасылардың) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін айқындау критерийлері болып табылады.

8 8. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың (отбасылардың) арнаулы

әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін бағалау арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қажеттілікті айқындау критерийлеріне сәйкес және мыналардың:

1 1) ағза функцияларының бұзылу кезінде өзіне өзі қызмет көрсетуге қабілетін айқындау (1-қосымша);

2 2) әлеуметтік бейімсізденуі кезінде, оқуға, еңбек қызметіне, бағдарлануға, қарым-қатынасқа және өзінің мінез-құлқын бақылауға жеке қабілеттеріне қарай, дербестік қабілетін айқындау негізінде (2-қосымша);

3 3) әлеуметтік депривациясы кезінде, өзіне өзі қызмет етудің және осы проблеманы отбасымен шешудің жеке қабілетіне қарай, дербестік қабілетін айқындау негізінде (3-қосымша);

4 4) әлеуметтік ортаны бағалау, өмір сүруі үшін материалдық, экономикалық, әлеуметтік және рухани жағдайлардың жеткіліксіздігімен немесе болмауы негізінде (4-қосымша) айқындалады

9 9. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесін халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 750 қаулысымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесіне сәйкес белгілейді.

10 10. Балалардың психофизикалық және сөйлеу психикалық даму деңгейін ПМПК медициналық және психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізу негізінде айқындайды.

11 11. Медициналық-әлеуметтік сараптама мен медициналық және психологиялық-педагогикалық диагностика нәтижелерін өмірлік қиын жағдайда жүрген адам, не оның заңды өкілі немесе оның отбасы мүшелерінің біреуі:

1 1) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) үйде немесе жартылай стационарлық үлгідегі МӘҰ-да қызмет көрсетілген жағдайда – жергілікті атқарушы органдарға:

2 2) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар МӘҰ тұрақты немесе уақытша болған жағдайда - стационарлық үлгідегі МӘҰ-ға ұсынады.

12 12. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып,

МӘҰ және ПМПК ұсынған нәтижелердің, басқа да органдардан келген
ақпараттың негізінде жергілікті атқарушы органдар мен МӘҰ әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандары әлеуметтік бейімсіздену және
әлеуметтік депривация деңгейіне қарай, тыныс-тіршілігінің шектелуі негізінде және әлеуметтік ортаның жай-күйіне байланысты әлеуметтік-
тұрмыстық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық,
әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтердің көлемін белгілейді.

1 Баланың ағза функцияларының бұзылу кезінде өзіне өзі қызмет көрсетуге қабілетін айқындау

Арнаулы әлеуметтік қызметтерге
қажеттілікті бағалау және
айқындаудың ережесіне
1-қосымша
Баланың ағза функцияларының бұзылу кезінде өзіне өзі қызмет көрсетуге қабілетін айқындау
Т. А. Ә. __________________________________________________________
Туған күні ________________________________________________________
Бағалау күні ______________________________________________________
Негізі ____________________________________________________________
Әлеуметтік қызметкердің бағалауы___________________________________
N
Өзіне өзі қыз­мет көр­се­ту кри­те­рий­ле­рі
Дә­ре­же­сі
өзіне өзі қыз­мет
көр­се­ту­ді ба­ға­лау
Бел­гі
(+ неме­се -)
1
Өзіне өзі қыз­мет көр­се­ту қа­бі­ле­ті
Бі­рін­ші
Қа­жет­ті жағ­дай­лар жа­сал­ған кез­де өзіне өзі қыз­мет көр­се­ту қа­бі­ле­ті
Екін­ші
Бі­ре­удің кө­ме­гі­мен өзіне өзі қыз­мет көр­се­ту қа­бі­ле­ті
Үшін­ші
Өзіне өзі қыз­мет көр­се­ту­ге қа­бі­лет­сіз­ді­гі және бас­қа адам­дар­ға то­лық тәу­ел­ді бо­лу
2
Өзді­гі­нен жү­ріп-тұ­ру қа­бі­ле­ті
Бі­рін­ші
Кө­мек­ші құ­рал­дар­дың кө­ме­гі­мен өзді­гі­нен жү­ріп-тұ­ру қа­бі­ле­ті
Екін­ші
Кө­мек­ші құ­рал­дар­дың және же­ке кө­мек­ші­нің кө­ме­гі­мен өзді­гі­нен жү­ріп-тұ­ру қа­бі­ле­ті
Үшін­ші
Өзді­гі­нен жү­ріп-тұ­ру­ға қа­бі­лет­сіз­ді­гі және бас­қа адам­дар­ға то­лық тәу­ел­ді бо­лу
3
Оқу қа­бі­ле­ті
Бі­рін­ші
Кө­мек­ші құ­рал­дар­ды пай­да­ла­ну­мен оқу қа­бі­ле­ті
Екін­ші
Ар­на­у­лы оқу орын­да­рын­да неме­се үй жағ­дай­ын­да кө­мек­ші құ­рал­дар­ды пай­да­ла­ну­мен оқу қа­бі­ле­ті
Үшін­ші
Оқу­ға қа­бі­лет­сіз­ді­гі
Ең­бек қыз­ме­тіне қа­бі­ле­ті
Бі­рін­ші
Та­лап­тар­ға сәй­кес ең­бек қыз­ме­тіне қа­бі­ле­ті
Екін­ші
Бас­қа адам­дар­дың кө­ме­гі­мен өзді­гі­нен ең­бек қыз­ме­тіне іші­на­ра қа­бі­ле­ті
Үшін­ші
Ең­бек қыз­ме­тіне қа­бі­лет­сіз­ді­гі неме­се бас­қа адам­дар­ға то­лық тәу­ел­ді бо­лу

2 Әлеуметтік бейімсіздену кезінде өзіне өзі қызмет көрсетуге қабілетін айқындау

Арнаулы әлеуметтік қызметтерге
қажеттілікті бағалау және
айқындаудың ережесіне
2-қосымша
Әлеуметтік бейімсіздену кезінде өзіне өзі қызмет көрсетуге қабілетін айқындау
Т.А.Ә. ____________________________________________________________
Туған күні ________________________________________________________
Бағалау күні ______________________________________________________
Негізі ____________________________________________________________
Әлеуметтік қызметкердің бағалауы __________________________________
N
Өзіне өзі қыз­мет көр­се­ту кри­те­рий­ле­рі
Дә­ре­же­сі
Қа­бі­ле­ті­нің  шек­те­луі
Бел­гі
(+ неме­се -)
1
Оқу қа­бі­ле­ті
Бі­рін­ші
Оқу про­це­сі­нің ар­найы ре­жи­мін сақ­тай оты­рып және/неме­се қо­сым­ша  құ­рал­дар­ды пай­да­ла­на оты­рып, және/неме­се бас­қа адам­дар­дың кө­ме­гі­мен жал­пы үл­гі­де­гі оқу орын­да­рын­да оқу қа­бі­ле­ті
Екін­ші
Тек ар­найы оқу орын­да­рын­да неме­се үй жағ­дай­ын­да ар­найы бағ­дар­ла­ма­лар бой­ын­ша оқу қа­бі­ле­ті
Үшін­ші
Оқу­ға қа­бі­лет­сіз­ді­гі
2
Ең­бек қыз­ме­тіне қа­бі­ле­ті
Бі­рін­ші
Бі­лік­ті­лі­гі­нің тө­мен­де­уі неме­се өн­ді­рі­стік қыз­ме­ті кө­ле­мі­нің аза­юы жағ­дай­ла­рын­да, өз кә­сі­бі бой­ын­ша жұ­мысты орын­дау мүм­кін бол­ма­ған кез­де ең­бек қыз­ме­тін орын­дау қа­бі­ле­ті
Екін­ші
Қо­сым­ша құ­рал­дар­ды және/неме­се ар­найы жаб­дық­тал­ған жұ­мыс ор­нын пай­да­ла­на оты­рып, және/неме­се бас­қа адам­дар­дың кө­ме­гі­мен ең­бек қыз­ме­тін орын­дау қа­бі­ле­ті
Үшін­ші
Ең­бек қыз­ме­тін орын­дау қа­бі­ле­ті­нің бол­мауы
3
Бағ­дар­лау қа­бі­ле­ті
Бі­рін­ші
Қо­сал­қы құ­рал­дар­ды пай­да­ла­ну жағ­дай­ын­да бағ­дар­лау қа­бі­лет­ті­лі­гі
Екін­ші
Бас­қа адам­дар­дың кө­ме­гін та­лап ете­тін бағ­дар­лау қа­бі­ле­ті
Үшін­ші
Бағ­дар­ла­у­ға қа­бі­лет­сіз­дік
4
Қа­рым-қа­ты­нас жа­сау қа­бі­ле­ті
Бі­рін­ші
Ақ­па­рат­ты тү­сі­ну, қа­был­дау, бе­ру  жыл­дамды­ғын тө­мен­де­ту­ді, кө­ле­мін азай­ту­ды си­паттай­тын қа­рым-қа­ты­нас жа­сау қа­бі­ле­ті
Екін­ші
Қо­сал­қы құ­рал­дар­ды пай­да­ла­на оты­рып және/неме­се бас­қа адам­дар­дың кө­ме­гі­мен қа­рым-қа­ты­нас жа­сау қа­бі­ле­ті
Үшін­ші
Қа­рым-қа­ты­нас жа­са­у­ға қа­бі­лет­сіз­дік
5
Өз мі­нез-құл­қын ба­қы­лау қа­бі­ле­ті
Өз мі­нез-құл­қын дер­бес ба­қы­лау қа­бі­ле­ті­нің іші­на­ра тө­мен­де­уі
Өз мі­нез-құл­қын тек бөгде адам­дар­дың кө­ме­гі­мен ға­на іші­на­ра неме­се то­лық­тай ба­қы­лау қа­бі­ле­ті
Өз мі­нез-құл­қын ба­қы­лау қа­бі­лет­сіз­ді­гі

3 Әлеуметтік депривация кезінде өзіне өзі қызмет көрсетуге қабілетін айқындау

Арнаулы әлеуметтік қызметтерге
қажеттілікті бағалау және
айқындаудың ережесіне
3-қосымша
Әлеуметтік депривация кезінде өзіне өзі қызмет көрсетуге қабілетін айқындау
Т.А.Ә. ____________________________________________________________
Туған күні ________________________________________________________
Бағалау күні_______________________________________________________
Негізі ____________________________________________________________
Әлеуметтік қызметкердің бағалауы __________________________________
N
Өзіне өзі қыз­мет көр­се­ту кри­те­рий­ле­рі
Дә­ре­же­сі
Қа­бі­ле­ті­нің  шек­те­луі
Бел­гі
(+ неме­се -)
1
Өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту қа­бі­ле­ті
Бі­рін­ші
Өзіне-өзі қыз­мет  көр­се­ту­ге іші­на­ра қа­бі­ле­ті
Екін­ші
Бас­қа адам­дар­дың кө­ме­гі­мен өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту­ге іші­на­ра қа­бі­ле­ті
Үшін­ші
Өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту­ге қа­бі­лет­сіз­ді­гі және бас­қа адам­дар­ға то­лық тәу­ел­ді бо­лу
2
өзді­гі­нен ең­бек қыз­ме­тіне қа­бі­ле­ті
Бі­рін­ші
Дер­бес ең­бек қыз­ме­тіне іші­на­ра қа­бі­ле­ті
Екін­ші
Бас­қа адам­дар­дың кө­ме­гі­мен ең­бек қыз­ме­тіне іші­на­ра қа­бі­ле­ті
Үшін­ші
Өзді­гі­нен жү­ріп-тұ­ру­ға қа­бі­лет­сіз­ді­гі және бас­қа адам­дар­ға то­лық­тай тәу­ел­ді бо­лу

4 Әлеуметтік ортаны бағалау

Арнаулы әлеуметтік қызметтерге
қажеттілікті бағалау және
айқындаудың ережесіне
4-қосымша
Әлеуметтік ортаны бағалау
Т.А.Ә. _____________________________________________________________
Туған күні _________________________________________________________
Бағалау күні________________________________________________________
Негізі _____________________________________________________________
Әлеуметтік қызметкердің бағалауы ___________________________________
N
Әле­умет­тік ор­та­ның қо­лай­сызды­ғы
Бел­гі
1
Же­тім­дік
2
Ата-ана қам­қор­лы­ғы­ның бол­мауы
3
Бір­ге тұ­ра­тын от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің тір­ші­лік әре­ке­ті­нің шек­те­луі
4
Бел­гі­лі тұ­ра­тын же­рі­нің бол­мауы
5
От­ба­сы­ның аз қам­та­ма­сыз еті­луі
6
Қа­ті­гез­дік кө­руі
7
Со­зыл­ма­лы ау­ру­лар және бір­ге тұ­ра­тын от­ба­сы мү­ше­ле­рі ден­са­улы­ғы­ның ерекше­лі­гі
8
Бір­ге тұ­ра­тын от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің зи­ян­ды әдет­те­рі: ал­ко­голь­ді, есірт­кі­ні және те­ме­кі­ні және т.б. тұ­ты­нуы
9
Дін­ге көз­қа­ра­сы
10
От­ба­сы­ның өза­ра қа­рым-қа­ты­на­сы, кел­іс­пе­у­ші­лік мі­нез-құлық­тар
11
Тәр­би­е­леу сти­лі (ги­пер қам­қор­лық, кө­те­рің­кі ба­қы­лау, қа­ра­у­сыздық, кө­ңіл бөл­меу және т.б.)
12
Бір­ге тұ­ра­тын от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің тәр­би­е­леу, да­мы­ту про­це­сін­де қа­ты­су­ға дай­ынды­ғы
13
Әле­умет­тік-ең­бек ерекше­лік­те­рі (бір­ге тұ­ра­тын от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің кә­сі­бі, бі­лі­мі)
14
Әле­умет­тік-тұр­мыстық ерекше­лік­те­рі (от­ба­сын­да­ғы тұр­мыстық мін­дет­тер­ді бө­лу, от­ба­сын­да өмір­лік қиын жағ­дай­да жүр­ген адам қан­дай кө­мек көр­се­те­ді, өмір­лік қиын жағ­дай­да жүр­ген адам­ның үй­де­гі мін­дет­те­рі)
15
От­ба­сын­да­ғы бос уа­қыт (өмір­лік қиын жағ­дай­да жүр­ген адам­ның бос уа­қыт­та/де­ма­лыс ке­зін­де от­ба­сы­ның бас­қа мү­ше­ле­рі­мен бір­ге қа­ты­суы)
16
От­ба­сы­ның әле­умет­тік-құқық­тық ерекше­лік­те­рі және про­бле­ма­ла­ры (бұ­рын­ғы және қа­зір­гі құқық­тық жағ­дайы, өмір­лік қиын жағ­дай­да жүр­ген адам­ның от­ба­сын­да әле­умет­тік-құқық­тық қор­ға­луы)

Қолданыстағы