Қолданыстағы ред. 30.01.2009

Аудандық қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандарды қоғамдық жұмыс көзімен қамтамасыз ету туралы от 30.01.2009 г. № 13 (Аудандық қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандарды қоғамдық жұмыс көзімен қамтамасыз ету туралы)

0

Аудандық қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандарды қоғамдық жұмыс көзімен қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 151 «Сотталғандарды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауды атқару Нұсқаулығын бекіту туралы» бұйрығын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан орталығы Аққыстау селосы бойынша қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандарға жазасын өтеу үшін төмендегі мекемелер қоғамдық жұмыс көзі болып белгіленіп, аудандық қылмыстық атқару инспекциясына ұсынылсын:

1

1) «Исатайгазстройсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) Аққыстау селосы;

2

2) «Аққыстау су арнасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) Аққыстау селосы.

2

2. Аудандық әкімияттың 2008 жылғы 25 ақпандағы № 29 «Аудандық қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандарды қоғамдық жұмыс көзімен қамтамасыз ету туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3

3. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
«Аққыстау су арнасы» жауапкершілігі
Шектеулі серіктестігінің директоры
А. Аманбаева
25.01.2009ж.
«Исатайгазстройсервис»
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры
А. Аманбаева
25.01.2009ж.