Аудандық қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандарды қоғамдық жұмыс көзімен қамтамасыз ету туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандарды қоғамдық жұмыс көзімен қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 151 «Сотталғандарды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауды атқару Нұсқаулығын бекіту туралы» бұйрығын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан орталығы Аққыстау селосы бойынша қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандарға жазасын өтеу үшін төмендегі мекемелер қоғамдық жұмыс көзі болып белгіленіп, аудандық қылмыстық атқару инспекциясына ұсынылсын:
Тармақша 1
1) «Исатайгазстройсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) Аққыстау селосы;
Тармақша 2
2) «Аққыстау су арнасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) Аққыстау селосы.
Тармақ 2
2. Аудандық әкімияттың 2008 жылғы 25 ақпандағы № 29 «Аудандық қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандарды қоғамдық жұмыс көзімен қамтамасыз ету туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Келісілді: «Аққыстау су арнасы» жауапкершілігі Шектеулі серіктестігінің директоры А. Аманбаева 25.01.2009ж. «Исатайгазстройсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры А. Аманбаева 25.01.2009ж.