Маяқұм ауыл округі аумағында құтыру ауруын жою мақсатында ветеринарлық режим белгілеу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Маяқұм ауыл округі аумағында құтыру ауруын жою мақсатында ветеринарлық режим белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Маяқұм ауыл округі аумағында құтыру ауруын жою мақсатында ветеринарлық режим белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 30
- Қабылданған күні
- 09.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 06.04.2009 · қолданыстағы AI44473_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09UI000074
- ЭКБ идентификаторы
- 44473
- Редакция идентификаторы
- AI44473_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:49
0 Маяқұм ауыл округі аумағында құтыру ауруын жою мақсатында ветеринарлық режим белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабына және Отырар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2009 жылғы 05 қаңтардағы N 2-1/31 санды ұсыныс хатына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Маяқұм ауыл округінің шығыс жағындағы Шет ауыл аймағының тұрғыны Маханов Сейтханның үй ауласы құтыру ауруының ошағы болып анықталуына сәйкес Маяқұм ауыл округінің шығыс жағы Көзтай арық пен Шет ауылды қоса алғанда Сырдария өзенінің жағалауы құтыру ауруына қауіпті аумақ ретінде карантиндік режим және шектеу іс-шаралары енгізіліп, карантиндік аймақтың ветеринарлық режимі белгіленсін.
2 2. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министірлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Отырар аудандық аумақтық инспекциясына (келісім бойынша) шектеу іс-шаралары енгізілген аумақта ветеринарлық-санитарлық талаптардың орындалуын қатаң бақылауға алу ұсынылсын.
3 3. Маяқұм ауылдық округінің әкімі (Қ. Қожағұлов) шектеу қойылған аумақта қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, жою залалсыздандыру жұмыстарын ұйымдастыру және шектеу белгіленгендігі жөнінде ауыл тұрғындарына хабарлау тапсырылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш. Оспановқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Отырар аудандық бас мемлекеттік
ветеринарлық инспекторы Т. А. Елекеев