Құжат мәтініне өту

Об оказании государственной поддержки талантливой молодежи

Қаулы · № 52 · қабылданған 30.01.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-44499/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об оказании государственной поддержки талантливой молодежи Күшін жойған Қаулы ·№ 52 ·30.01.2009
09.03.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании государственной поддержки талантливой молодежи

Күшін жойған Қаулы ·№ 52 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании государственной поддержки талантливой молодежи
Атауы (қаз.)
Дарынды жастарға мемлекеттік қолдау көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
52
Қабылданған күні
30.01.2009
Көрсетілген редакция
09.03.2010 44499_195535.kaz
Соңғы өзгеріс
09.03.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09N0003672
ЭКБ идентификаторы
44499
Редакция идентификаторы
44499_195535
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:53

0 Дарынды жастарға мемлекеттік қолдау көрсету туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4, 11-баптарына сәйкес, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қостанай облысының дарынды жастарына мемлекеттік қолдау көрсетілсін:

кандидаттық диссертациясын қорғау үшін 5 жас ғалымға 2009 жылы әрбір үміткерге 300 000,0 теңге мөлшерінде;
магистратурада оқу үшін 4 жас ғалымға 2009 жылы әрбір үміткерге 400 000,0 теңге мөлшерінде;
жоғары оқу орындарының 20 студентіне әрбір үміткерге 2009 жылдың қаңтарына наурыз айында 10 000,0 теңге мөлшерінде;
орта кәсіптік оқу орындарының 18 студентіне әрбір үміткерге 2009 жылдың қаңтарына наурыз айында 5 800,0 теңге мөлшерінде;
жоғары оқу орындарының 20 студентіне әрбір үміткерге 2009 жылдың ақпанынан бастап 2009 жылдың желтоқсанына ай сайын 10 000,0 теңге мөлшерінде;
орта кәсіптік оқу орындарының 18 студентіне әрбір үміткерге 2009 жылдың ақпанынан бастап 2009 жылдың желтоқсанына ай сайын 5 800,0 теңге мөлшерінде.

2 2. "Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды іске асыру" бюджеттік бағдарламасының шеңберінде дарынды жастарға мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.

3

3. Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес үміткерлердің тізімін бекітсін және бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі - "Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесіне дарынды жастар қатарынан үміткерлерге мемлекеттік қолдау көрсету жөнінде ұсыныстар енгізсін.

4 4. Қостанай облысы әкімдігінің

2008 жылғы 28 қаңтардағы № 51 "Білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмекті көрсету туралы" (2008 жылғы 26 ақпандағы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3596 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 7 наурыздағы № 29-30 "Қостанай таңы", 2008 жылғы 13 наурыздағы № 38 "Костанайские новости" газеттерінде жарияланған);
2008 жылғы 15 қыркүйектегі № 438 "Дарынды жастарға мемлекеттік қолдау көрсету туралы" (2008 жылғы 14 қазандағы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3656 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 17 қазандағы № 128-129 "Қостанай таңы", 2008 жылғы 18 қазандағы № 145 "Костанайские новости" газеттерінде жарияланған) қаулыларының күштері жойылды деп танылсын.

5 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы