Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах судебной экспертизы

Қаулы · № 378 · қабылданған 28.06.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-44562/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О некоторых вопросах судебной экспертизы Қолданыста 28.06.2016 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О некоторых вопросах судебной экспертизы

Қолданыста Қаулы № 378 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах судебной экспертизы
Атауы (қаз.)
Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
378
Қабылданған күні
28.06.2016
Көрсетілген редакция
28.06.2016 44562_142090.kaz
Соңғы өзгеріс
28.06.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1600000378
ЭКБ идентификаторы
44562
Редакция идентификаторы
44562_142090
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:34
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1403 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 83-84, 724-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) арнаулы ғылыми білім құралдарымен қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамалар мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі нысаны болып белгіленсін.».

2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жарғысына өзгерістерді бекітуге ұсынуды;

2) әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.