Құжат мәтініне өту

Об утверждении размеров единиц тарификации

Бұйрық · № 43 · қабылданған 02.02.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-44598/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об утверждении размеров единиц тарификации Қолданыста Бұйрық ·№ 43 ·02.02.2009
29.11.2012 редакциясы
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении размеров единиц тарификации

Қолданыста Бұйрық ·№ 43 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении размеров единиц тарификации
Атауы (қаз.)
Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
43
Қабылданған күні
02.02.2009
Көрсетілген редакция
29.11.2012 AI44598_10.kaz
Соңғы өзгеріс
29.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005573_
ЭКБ идентификаторы
44598
Редакция идентификаторы
AI44598_10
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:51

0 Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы

"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берілген тарификация бірліктерінің өлшемдері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс саласында талдау және тарифтік реттеу департаменті (Т.К. Наметчаев) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі құрылымдық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.

3 3. Телекоммуникация желілерінің иелері және байланыс операторлары өзінің телекоммуникация желілерінде осы бұйрықпен бекітілген тарификация бірліктерінің өлшемдеріне сәйкес трафикті өлшеуді және есепке алуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары А.Д. Бишиғаевқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілінеді.

"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Қауіпсіздік
Комитетінің Төрағасы
Шабдарбаев А.С.
_____________________
2009 жыл

0 Тарификация бірліктерінің өлшемдері

Қазақстан Республикасы
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі төрағасының
2009 жылғы 2 ақпандағы
N 43 бұйрығымен
бекітілген
Тарификация бірліктерінің өлшемдері

1 1. Тарификация бірлігі – Қазақстан Республикасы телекоммуникациясының бірыңғай желісіне кіретін байланыс операторлары мен барлық санаттағы желі иелері үшін міндетті болып табылатын, байланыс қызметінің тиісті түрі үшін төлемақы алынатын уақытты, ақпарат санын немесе көлемін өлшеу бірлігі.

2 2. Телефондық трафиктің өлшеу бірлігі 1 секунд болып табылады, сондай-ақ оның туындысы 60 секунд немесе 1 минут.

3

3. Интернет және деректер беру трафиктің өлшем бірлігі 1 бит және 1 байт болып табылады, сондай-ақ 1 килобайт, 1 мегабайт, 1 гигабайт, 1 терабайт олардың туындысы болып табылады, қайда 1 байт 8 битке тең, 1 килобайт 1024 байтқа тең, 1 мегабайт 1024 килобайтқа тең, 1 гигабайт 1024 мегабайтқа тең, 1 терабайт 1024 гигабайтқа тең.

4 4. Жалпы пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне кіріс, шығыс және транзиттік трафиктің барлық түрін өткізгенде байланыс операторлары арасында өзара есеп айырысуда қолданылатын тарификация бірліктерінің өлшемдері:

1 1) жергілікті, аймақішілік, қалааралық телефондық трафикті, IP-телефония операторларының телефондық трафикті – 10 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 1 секунд);

1-1 1-1) ұялы байланыс операторларының телефондық трафигі - 1 секунд;

2 2) халықаралық телефондық трафигі - 10 секунд (2014 жылғы 1 қаңтардан - 1 секунд);

3 3) Интернет және деректер беру трафигі – 10 Кб (2012 жылғы 1 қаңтардан – 1 Кб).

5 5. Жалпы пайдаланылатын телекоммуникация желісінде байланыс операторымен абоненттерге қызмет көрсету барысында қолданылатын тарификация бірліктерінің өлшемдері:

1 1) жергілікті, аймақішілік, қалааралық және IP-телефониялар:

байланыс операторларының телекоммуникация желі ішінде – 10 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 1 секунд);
басқа байланыс операторларының телекоммуникация желілеріне шығу – 10 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 1 секунд);

1-1 1-1) ұялы байланыс:

байланыс операторының телекоммуникация желі ішінде - 1 секунд;
басқа байланыс операторларының телекоммуникация желілеріне шығу - 1 секунд;

2 2) халықаралық телефон байланысы:

таяу және алыс шетел желілерінде қосылуларды ұсыну кезінде - 10 секунд (2014 жылғы 1 қаңтардан - 1 секунд);
басқа байланыс операторлар желісінен таяу және алыс шетел желілеріне қосылуларды ұсыну кезінде - 10 секунд (2014 жылғы 1 қаңтардан - 1 секунд);

3 3) деректер беру және Интернет желісіне қол жетімділігі – 10 Кб (2012 жылғы 1 қаңтардан – 1 Кб);

4 4) халықаралық роуминг кезінде ұялы байланыс - 30 секунд (2015 жылғы 1 қаңтардан - 10 секунд).

6 6.

7 7. Байланыс операторлар, байланыс операторлар мен абоненттер арасында өзара есеп айырысу кезінде тарификация бірліктерінің өлшемдерінен төмен трафик, осы бұйрықпен бекітілген тиісті тарификация бірліктері өлшемдеріне сәйкес, осы қызмет үшін толық тарификация бірліктері өлшемдері ретінде тарифтеледі.

8 8. Байланыс операторларымен осы бұйрықпен бекітілген тарификация бірліктері өлшемдерінен төмен тарификация бірліктері өлшемдерін қолдануы рұқсат етіледі.

9 9. Байланыс саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделмеген қосылуға төлем мен басқа төлемдер алуға тыйым салынады.

Қолданыстағы