Саркөл селолық округінің Қопа елді мекенінің ірі қара мал басы арасынан пастереллез ауруы шығуына байланысты шектеу қою туралы
Күшін жойған
Қаулы
·№ 24
·
11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Саркөл селолық округінің Қопа елді мекенінің ірі қара мал басы арасынан пастереллез ауруы шығуына байланысты шектеу қою туралы
- Атауы (қаз.)
- Саркөл селолық округінің Қопа елді мекенінің ірі қара мал басы арасынан пастереллез ауруы шығуына байланысты шектеу қою туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 24
- Қабылданған күні
- 13.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2009 · қолданыстағы AI44632_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09CJ000100
- ЭКБ идентификаторы
- 44632
- Редакция идентификаторы
- AI44632_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:46
0 Саркөл селолық округінің Қопа елді мекенінің ірі қара мал басы арасынан пастереллез ауруы шығуына байланысты шектеу қою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабына сәйкес және Темір аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік малдәрігер инспекторының ұсынуы бойынша аудан әкімдігі қаулы етеді:
1 1. Саркөл селолық округінің Қопа елді мекеніне ірі қара малдарының арасында пастереллез ауруының тіркелуіне байланысты шектеу қойылсын.
1 1) Саркөл селолық округінің малдәрігер инспекторы (А. Жалмағамбетов):пастереллез ауруына қарсы егу жұмыстарын ұйымдастырсын;
2 2. Қопа елді мекеніндегі барлық мал басының қозғалысына және көлемді мал азығының тасымалына тиым салынатын болсын.
3 3. Ауру ошағы деп танылған мал иелерінің қора жайына зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, залалсыздандыру өткелдері( дезбарьер)жасалсын.
4 4. Малдары пастереллез ауруына шалдыққан мал иелерінің жанұясына толық санитарлық, гигиеналық талаптар ескертіліп, жеке бас тазалығы қамтамасыз етілсін.
5 5. Аудандық ішкі істер бөліміне (А. Дәулетов) шектеу қойылған елді мекенге малдәрігерлік құжатсыз мал басының кіріп шығу қозғалысына бақылау жасалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
6 6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімініңорынбасары Р.Сатанова мен Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік малдәрігер инспекторы Р. Бектлеуовке жүктелсін.
7 7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М.Серікбаев