О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому
- Атауы (қаз.)
- Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 36
- Қабылданған күні
- 06.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2009 AI44662_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09NH000122
- ЭКБ идентификаторы
- 44662
- Редакция идентификаторы
- AI44662_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:50
0 Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 1-3) тармақшасына, Денисов аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 94 "2009 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті туралы" шешіміне сәйкес (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2008 жылғы 26 желтоқсанда № 9-8-107 болып тіркелген, аудандық "Наше время" газетінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы № 2, 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 4, 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 5 санында жарияланған) әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету" атты бюджеттік бағдарламаны орындау мақсатында оқу мерзіміне тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жергілікті бюджеттен төлемдер белгіленсін.
2 2. "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан былай–уәкілетті орган) әлеуметтік көмекті тағайындау және төлету жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
3 3. Мыналар белгіленсін:
үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек отбасының табысына қарамастан ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
Әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті органмен ұсынылған тізімдерге сәйкес тиісті операциялар түрінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдары мен екінші деңгейдегі банктар арқылы әлеуметтік көмек алушының есеп шотына қаржы аудару арқылы жүзеге асырылады.