Құжат мәтініне өту

О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому

Қаулы · № 36 · қабылданған 06.02.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-44662/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому Күшін жойған Қаулы ·№ 36 ·06.02.2009
28.12.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому

Күшін жойған Қаулы ·№ 36 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому
Атауы (қаз.)
Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
36
Қабылданған күні
06.02.2009
Көрсетілген редакция
28.12.2009 AI44662_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09NH000122
ЭКБ идентификаторы
44662
Редакция идентификаторы
AI44662_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:50

0 Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 1-3) тармақшасына, Денисов аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 94 "2009 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті туралы" шешіміне сәйкес (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2008 жылғы 26 желтоқсанда № 9-8-107 болып тіркелген, аудандық "Наше время" газетінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы № 2, 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 4, 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 5 санында жарияланған) әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету" атты бюджеттік бағдарламаны орындау мақсатында оқу мерзіміне тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жергілікті бюджеттен төлемдер белгіленсін.

2 2. "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан былай–уәкілетті орган) әлеуметтік көмекті тағайындау және төлету жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.

3 3. Мыналар белгіленсін:

үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек отбасының табысына қарамастан ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
Әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті органмен ұсынылған тізімдерге сәйкес тиісті операциялар түрінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдары мен екінші деңгейдегі банктар арқылы әлеуметтік көмек алушының есеп шотына қаржы аудару арқылы жүзеге асырылады.

4 4. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына берілетін әлеуметтік көмек" атты бюджеттік бағдарлама бойынша жүргізсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан басталған әрекетке таратылады.

Қолданыстағы