Сайрам ауданы бойынша біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Сайрам ауданы бойынша біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Сайрам ауданы бойынша біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 14-169/IV
- Қабылданған күні
- 27.01.2009
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2013 · қолданыстағы AI44680_3.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09UJ000112
- ЭКБ идентификаторы
- 44680
- Редакция идентификаторы
- AI44680_3
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:55
0 Сайрам ауданы бойынша біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Салық кодексі Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36-бабына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Сайрам ауданының базарлар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін біржолғы талондардың құны 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3
3. "Сайрам ауданының базарларында сауда жасайтын жеке тұлғалар үшін және арнаулы салық режимінің қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғаларға күніне берілетін бір жолғы талон құны туралы" Сайрам аудандық мәслихатының 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N ХХІІ-178 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 784 тіркелген, 2003 жылғы 28 қаңтарда "Мәртөбе" газетінде жарияланған, "Аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 18 желтоқсандағы "Сайрам ауданының базарларында сауда жасайтын жеке тұлғалар үшін және арнаулы салық режимінің қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғаларға берілетін бір жолғы талон құны туралы" N ХХІІ-178 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Сайрам аудандық мәслихатының 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 12-154/ІІІ нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1729 тіркелген, 2005 жылғы 26 ақпанда "Мәртөбе" газетінің N 4 жарияланған, "Аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 18 желтоқсандағы "Сайрам ауданының базарларында сауда жасайтын жеке тұлғалар үшін және арнаулы салық режимінің қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғаларға берілетін бір жолғы талон құны туралы" N ХХІІ-178 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Сайрам аудандық мәслихатының 2006 жылғы 15 ақпандағы N 27-270/ІІІ нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 14-10-33 тіркелген, 2006 жылғы 8 сәуірдегі "Мәртөбе" газетінің N 14 жарияланған, "Аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 18 желтоқсандағы "Сайрам ауданының базарларында сауда жасайтын жеке тұлғалар үшін және арнаулы салық режимінің қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғаларға берілетін бір жолғы талон құны туралы" N ХХІІ-178 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Сайрам аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 38-370/ІІІ нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 14-10-58 тіркелген, 2006 жылғы 21 қаңтардағы "Мәртөбе" газетінің N 3 жарияланған) шешімдерінің 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап күші жойылсын.
4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Сайрам аудандық мәслихатының
2009 жылғы 27 қаңтардағы
N 14-169/ІV шешіміне 1 қосымша
Сайрам ауданының базарлар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны
N
Тауар, жұмыс және қызмет түрлері
Бір жолғы талонның құны (теңге)
1
Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтер
1)
Ұн, нан және нан тағамдары, кондитерлік тауарлар
100
2)
Еттер
170
3)
Сүт, айран, қымыз, қымыран, қаймақ, шұбат, құрт
30
4)
Көкөніс, жеміс-жидектер, азық-түлік тауарлары, заттар, майлар, сусындар (1 орын)
100
5)
Құрғатылған жемістер
60
6)
Қыстық, жаздық және басқадай мезгілдік сыртқы, ішкі киімдер, өндірістік трикотаж заттары, маталар, бас киімдер, кілемдер, төсеніштер, жамылғылар, бағалы металдан жасалған заттар (1 орын)
100
7)
Теле-радио, аудио-видео аппараттар, оның бөлшектері, музыкалық аспаптар, тоңазытқыштар, кір жуатын машиналар, мәдениет тауарлары
100
8)
Кеңсе тауарлары, парфюмерия, косметика тауарлары, шұлықтар, носкилер, бижутерия, гирляндалар, ойыншықтар, сағаттар, шаруашылық-тұрмыстық заттары, тауарлары, электр тауарлары
100
9)
Жеңіл көліктер, ауылшаруашылық техникалары, автобустар, арбалар
120
10)
Мото-вело тауарлары, олардың қосалқы бөлшектері, автобөлшектер, балалардың коляскалары, сырғанақтар
100
11)
Құрылыс материалдары, заттар
150
12)
Ірі қара малдар, жылқылар, түйелер
150
13)
Қой, ешкілер, есектер
75
14)
Құстар мен аңдар, иттер
20
15)
Жемдер (1 орын)
100
16)
Гүлдер
80
17)
Аяқ киім жөндеу және басқа да шұғыл жасайтын тұрмыстық қызметтер
100
18)
Ұсақ-түйек заттары, тауарлары
50
6 Сайрам аудандық мәслихатының
2009 жылғы 27 қаңтардағы
N 14-169/ІV шешіміне 2 қосымша
Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін біржолғы талондардың құны
Рет N
Қызмет түрлерінің тізбесі
Бір жолғы талонның құны
(теңге)
1
Сату (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда)
1) газеттер мен журналдар
10
2) тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материал (екпелер, көшет)
50
3) бақша дақылдары
50
4) саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдер
80
5) қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдері
60
6) жануарлар мен құстардың жемдері
100
7) сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегі
50
8) бал, саңырауқұлақ және балық
170
2
Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметі
200
3
Үй жануарлары мен құстарын бағу
100