Об изменении границ сельских населенных пунктов Танатского, Достыкского, Жиеналинского, Знаменского, Иртышского, Новобаженовского и Приречного сельских округов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменении границ сельских населенных пунктов Танатского, Достыкского, Жиеналинского, Знаменского, Иртышского, Новобаженовского и Приречного сельских округов
- Атауы (қаз.)
- Таңат, Достық, Жиенәлі, Знаменка, Ертіс, Новобаженово және Приречный ауылдық округтеріндегі ауылдық елді мекендердің шектерін өзгерту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 195
- Қабылданған күні
- 20.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 27.10.2009 AI44697_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.10.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09VB000105
- ЭКБ идентификаторы
- 44697
- Редакция идентификаторы
- AI44697_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:42
0 Таңат, Достық, Жиенәлі, Знаменка, Ертіс, Новобаженово және Приречный ауылдық округтеріндегі ауылдық елді мекендердің шектерін өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 4)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 108-бабы 5-тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Төменде аталған елді мекендердің шектері жобалардың сызбаларына сәйкес, босалқы жер қорынан және арнайы жер қорынан жер телімдерін қосу арқылы өзгертілсін, соның ішінде:
Ертіс ауылдық округінің босалқы жер қорынан жалпы алаңы 6232,8552 га жерлер Мұқыр, Мұрат және Прииртышкое ауылдарының әкімшілік шектеріне қосылсын;
Достық ауылдық округінің босалқы жер қорынан жалпы алаңы 2062,9729 га жерлер Достық және Шақаман ауылдарының әкімшілік шектеріне қосылсын;
Жиенәлі ауылдық округінің арнайы жер қорынан жалпы алаңы 17175,02 га жерлер Бөкенші және Маралды ауылдарының әкімшілік шектеріне қосылсын;
Знаменка ауылдық округінің арнайы жер қорынан жалпы алаңы 34896,76 га жерлер Знаменка, Қыземшек, Сынтас және Көкен ауылдарының әкімшілік шектеріне қосылсын;
Новобаженово ауылдық округінің босалқы жер қорынан жалпы алаңы 10094,9563 га жерлер Новобаженово, Бұлақ, Клементьевка, және Талдықорған ауылдарының әкімшілік шектеріне қосылсын;
Приречный ауылдық округінің босалқы жер қорынан жалпы алаңы 21045,9603 га жерлер Приречное, Гранитное, Мұздыбай және Жарқын ауылдарының әкімшілік шектеріне қосылсын;
Таңат ауылдық округінің босалқы жер қорынан жалпы алаңы 791,2933 га жерлер Таңат және Социалистік Қазақстан ауылдарының әкімшілік шектеріне қосылсын.