Құжат мәтініне өту

Азаматтардың жекелеген санаттарына (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі туралы

Өзге акт · № 13/106 · қабылданған 06.02.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.02.2012 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-44706/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Азаматтардың жекелеген санаттарына (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 13/106 ·06.02.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Азаматтардың жекелеген санаттарына (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі туралы

ҚАЗАзаматтардың жекелеген санаттарына (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 13/106 · қабылданған 06.02.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Азаматтардың жекелеген санаттарына (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі туралы
Атауы (қаз.)
Азаматтардың жекелеген санаттарына (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
13/106
Қабылданған күні
06.02.2009
Көрсетілген редакция
02.02.2012 · қолданыстағы 44706_207460.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
02.02.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09MD000076
ЭКБ идентификаторы
44706
Редакция идентификаторы
44706_207460
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:50

0 Азаматтардың жекелеген санаттарына (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 - бабының 1 - тармағының 1-2 тармақшасына және 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Азаматтардың жекелеген санаттарына (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі бекітілсін (қоса беріліп отыр).

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қарақия аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Е.Бегниязов
06 ақпан 2009 жыл
Қарақия аудандық зейнетақы төлеу
орталығының бастығы
Г.Кубугулова
06 ақпан 2009 жыл

3 Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы

6 ақпандағы № 13/ 106 шешімімен
бекітілген
Азаматтардың жекелеген санаттарына (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық
қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі

1

1. Азаматтардың жекелеген санаттарына (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі – тұрғын үй көмегі) Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан Соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан, Ұлы Отан Соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан Соғысында қаза болған, өлген, хабарсыз кеткен жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, жалғызілікті зейнеткерлерге көрсетіледі.

2 2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) болып табылады.

3 3. Тұрғын үй көмегі Қарақия аудандық зейнетақы төлеу орталығының жасақтаған алушылар тізімдері негізінде ай сайын тағайындалады.

4 4. Уәкілетті орган ай сайын тапсырылған құжаттардың негізінде тұрғын үй көмегін алушы жалғызілікті зейнеткерлер тізімін жасақтайды.

Жалғызілікті зейнеткерлерге тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті құжаттар:

1 1) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2 2) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

3 3) тұрғындар есебі кітабының көшірмесі;

4 4) зейнетақы алушы кітапшасының көшірмесі;

5 5. Өтініш беруші азаматтар табыс еткен құжаттарының дұрыстығына жауаптылықта болады. Төлем жүргізілгеннен кейін деректердің анық еместігі айқындалған жағдайда, заңсыз төленген сомалар заңнамамен белгіленген тәртіппен кінәлі адамдардан өндіріледі.

6 6. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын төленеді.

7 7. Тұрғын үй көмегінің дұрыс тағайындалып, мезгілінде төленуіне Уәкілетті орган жауаптылықта болады.

8 8. Алушылар тізімдерінің дұрыс және мезгілінде жасақталуына Қарақия аудандық зейнетақы төлеу орталығы жауаптылықта болады.