Азаматтардың жекелеген санаттарына (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Азаматтардың жекелеген санаттарына (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі туралы
- Атауы (қаз.)
- Азаматтардың жекелеген санаттарына (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 13/106
- Қабылданған күні
- 06.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 02.02.2012 · қолданыстағы 44706_207460.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09MD000076
- ЭКБ идентификаторы
- 44706
- Редакция идентификаторы
- 44706_207460
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:50
0 Азаматтардың жекелеген санаттарына (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 - бабының 1 - тармағының 1-2 тармақшасына және 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Азаматтардың жекелеген санаттарына (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қарақия аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Е.Бегниязов
06 ақпан 2009 жыл
Қарақия аудандық зейнетақы төлеу
орталығының бастығы
Г.Кубугулова
06 ақпан 2009 жыл
3 Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
6 ақпандағы № 13/ 106 шешімімен
бекітілген
Азаматтардың жекелеген санаттарына (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық
қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі
1
1. Азаматтардың жекелеген санаттарына (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі – тұрғын үй көмегі) Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан Соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан, Ұлы Отан Соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан Соғысында қаза болған, өлген, хабарсыз кеткен жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, жалғызілікті зейнеткерлерге көрсетіледі.
2 2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) болып табылады.
3 3. Тұрғын үй көмегі Қарақия аудандық зейнетақы төлеу орталығының жасақтаған алушылар тізімдері негізінде ай сайын тағайындалады.
4 4. Уәкілетті орган ай сайын тапсырылған құжаттардың негізінде тұрғын үй көмегін алушы жалғызілікті зейнеткерлер тізімін жасақтайды.
Жалғызілікті зейнеткерлерге тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті құжаттар: