Құжат мәтініне өту

Об установлении единых ставок фиксированного налога

Өзге акт · № 14-2 · қабылданған 01.02.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-44724/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об установлении единых ставок фиксированного налога Күшін жойған Өзге акт ·№ 14-2 ·01.02.2009
29.03.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении единых ставок фиксированного налога

Күшін жойған Өзге акт ·№ 14-2 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении единых ставок фиксированного налога
Атауы (қаз.)
Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
14-2
Қабылданған күні
01.02.2009
Көрсетілген редакция
29.03.2013 AI44724_4.kaz
Соңғы өзгеріс
29.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09SI000087
ЭКБ идентификаторы
44724
Редакция идентификаторы
AI44724_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:52

0 Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Салықтар мен бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 422-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қызметін Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2

2. Аудандық мәслихаттың келесі шешімдері күшін жойды деп танылсын: 2006 жылғы 24 наурыздағы «Жиындар мен төлемдердің жеке түрлері бойынша ставкаларды, бір жолғы талондар құнын бекіту туралы» (мемлекеттік тізілімде № 13-9-25 2006 жылғы 17 сәуірде тіркелген, аудандық «Вести» газетінің 2006 жылғы 28 шілдедегі № 30, 2006 жылғы 4 тамыздағы № 31 сандарында жарияланған); 2008 жылғы 28 наурыздағы № 6-13 «Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 24 наурыздағы «Жиындар мен төлемдердің жеке түрлері бойынша ставкаларды, бір жолғы талондар құнын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (мемлекеттік тізілімде № 13-9-74 2008 жылғы 8 мамырда тіркелген, аудандық «Вести» газетінің 2008 жылғы 23 мамырдағы № 21 санында жарияланған); 2008 жылғы 7 тамыздағы № 10-1 «Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 24
наурыздағы «Жиындар мен төлемдердің жеке түрлері бойынша ставкаларды, бір жолғы талондар құнын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (мемлекеттік тізілімде № 13-9-82 2008 жылғы 29 тамыз тіркелген, аудандық «Вести» газетінің 2008 жылғы 26 қыркүйектегі № 39 санында жарияланған) шешімдері.

3 3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген кезден күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Аудандық мәслихаттың

2009 жылғы 1 ақпандағы
№ 14-2 шешіміне 1-қосымша
Булаев қаласындағы базарлар аумағындағы дүңгіршектердегі, тұрақты үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, Булаев қаласындағы базарларда тауар өткізу, жұмыстар орындау, қызмет көрсету бойынша қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін бір жолғы талондардың құны
Базар орналасқан жер
Қызметтің түрі
Сауда орнының түрі
Бір жолғы талонның құны (теңгемен)
1
2
3
4
Булаев
қаласының базарлары
Тамақ өнімдерін сату
Сөре
275
Өндіріс тауарларын сату
Сөре
130
Шығып сату
Сөре
250
Ет сату
Ет сөресі
370

5 Аудандық мәслихаттың

2009 жылғы 1 ақпандағы
№ 14-2 шешіміне 2-қосымша
Қызметін Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында жүзеге асыратын
барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне бекітілген салықтың бірыңғай ставкаларының мөлшері
р/с №
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
1
2
3
1
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
1
2
Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
2
3
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
1
4
Ойын жолы
5
5
Карт
2
6
Бильярд үстелі
3

6 Аудандық мәслихаттың

2009 жылғы 1 ақпандағы
№ 14-2 шешіміне 3-қосымша
Қызметін ауық-ауық жүргізетін жеке тұлғалар үшін хронометраждық бақылаулар мен тексерулердің орташакүндік көрсеткіштері негізінде қызметтің орны, түрі, шарттары, кіріс алу объектісінің сапасы мен ауданы және Мағжан Жұмабаев ауданында қызмет көрсетудің тиімділігіне ықпал ететін басқа да факторлар есепке алынған бір жолғы талондар құны туралы
Қызметтер
орналасқан
жер
Қызметтің түрі
Бір жолғы
талонның құны
(теңгемен)
1
2
3
Мағжан Жұмабаев ауданы
Жеке трактор иелерінің жер учаскелерін өңдеу бойынша қызметі
280
Үй жануарларын бағу
106

Қолданыстағы