Құжат мәтініне өту

О базовых ставках фиксированного налога

Өзге акт · № 16/119-IV · қабылданған 19.02.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-44726/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О базовых ставках фиксированного налога Күшін жойған Өзге акт ·№ 16/119-IV ·19.02.2009
04.05.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О базовых ставках фиксированного налога

Күшін жойған Өзге акт ·№ 16/119-IV · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О базовых ставках фиксированного налога
Атауы (қаз.)
Тіркелген салықтың базалық ставкасы туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
16/119-IV
Қабылданған күні
19.02.2009
Көрсетілген редакция
04.05.2018 44726_322650.kaz
Соңғы өзгеріс
04.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09VC000069
ЭКБ идентификаторы
44726
Редакция идентификаторы
44726_322650
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:42

0 Тіркелген салықтың базалық ставкасы туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Қазақстан Республикасы Кодексінің 422 бабы 2 тармағына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қосымшаға сәйкес тіркелген салықтың базалық ставкасы бір айға салық салудың өлшем бірлігінде бекітілсін.

2

2. 2006 жылғы 13 ақпандағы № 23/136–III «Кәсіпкерлік қызметтің жекеше түрлеріне тіркелген жиынтық салық ставкасы туралы (ақшалай ұтыссыз)» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-3-18 нөмірімен 2006 жылдың 01 наурызында тіркелген; 2006 жылғы 07 наурыздағы № 23 «Дидар», 2006 жылғы 21 наурыздағы № 42 «Рудный Алтай» облыстық газеттерінде жарияланған); 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 29/182–III «Бір дербес компьютерге ең төменгі мөлшерде тіркелген жиынтық салық ставкасы туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-3-34 нөмірімен 2007 жылдың 10 қаңтарында тіркелген; 2007 жылғы 16 қаңтардағы № 5 «Дидар», 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 5 «Рудный Алтай» облыстық газеттерінде жарияланған); 2007 жылғы 20 шілдедегі № 35/218–III «Бір дербес компьютерге ең төменгі мөлшерде тіркелген жиынтық салық ставкасы туралы» 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 29/182-III шешімге өзгертулер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-3-44 нөмірімен 2007 жылдың 06 тамызында тіркелген; 2007 жылғы 11 тамыздағы № 98 «Дидар», 2007 жылғы 11 тамыздағы № 121 «Рудный Алтай» облыстық газеттерінде жарияланған) шешімдердің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Курчатов қаласы үшін тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

Курчатов қалалық мәслихаты
16 сессиясының
2009 жылғы 19 ақпандағы
№ 16/119-ІV шешіміне
қосымша
Курчатов қаласы үшін тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері
(айлық есептік көрсеткіш)
№ р/с
Салық салу объектісінің атауы
Бір айға тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
1
Бір ойыншымен ойын жүргізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
1
2
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
1
4
Ойын жолы
5
5
Карт
2
6
Бильярд үстелі
3
Курчатов қаласы бойынша Салық басқармасының бастығы
М. БІТІМБАЕВ

Қолданыстағы