Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы
- Атауы (қаз.)
- Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 12-4
- Қабылданған күні
- 13.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 16.03.2015 · қолданыстағы AI44741_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09VN000079
- ЭКБ идентификаторы
- 44741
- Редакция идентификаторы
- AI44741_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:46
0 Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6-бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV кодексінің 378, 379, 381, 383, 387-бабының 1 тармағының және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының жерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы» 2003 жылғы 28 наурыздағы № 20/8-ІІ шешімі негізінде, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1-11 аймақтардағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары 50 пайызға өсірілсін.
2 2. Жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1-11 аймақтардағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары 20 пайызға өсірілсін.
3 3. Елді мекендердің 1-11 аймақтардағы жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскесін қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары 50 пайызға өсірілсін.
4 4. Елді мекендерден тыс орналасқан 1-11 аймақтардағы өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкаланы 50 пайызға өсірілсін.
5
5. Күршім аудандық мәслихатының 2003 жылғы 30 маусымдағы «Жер салығының негізгі мөлшерін түзету туралы» (Шығыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 15 шілдеде № 1320 болып тіркелген, аудандық «Рауан» газетінің 2003 жылғы 26 шілдедігі № 30 санында жарияланған) № 22-6 шешімінің күші жойылды деп танылсын.