Қолданыстағы ред. 13.04.2017 (Редакция 44747_181904.kaz)

Көшелерге атау беру туралы от 17.02.2009 г. № 1 (Көшелерге атау беру туралы)

0

Көшелерге атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес Сарат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Қырыққұдық ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып Қырыққұдық ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін.

1

1) Әлия Молдағұлова – қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының батыры, бірінші көшеге есімі берілсін.

2

2) Мәншүк Мәметова – қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының батыры, екінші көшеге есімі берілсін.

2

2. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.