Құжат мәтініне өту

Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Өзге акт · № 12-4 · қабылданған 18.02.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.03.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-44762/?version=AI44762_5.kaz
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 12-4 ·18.02.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

ҚАЗТасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 12-4 · қабылданған 18.02.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Атауы (қаз.)
Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
12-4
Қабылданған күні
18.02.2009
Көрсетілген редакция
30.03.2011 · қолданыстағы AI44762_5.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
30.03.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09ZK000090
ЭКБ идентификаторы
44762
Редакция идентификаторы
AI44762_5
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:44

0 Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік көмек көрсетудің санаты мен мөлшері белгіленсін:

1 1) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына табыстарын есептемей әлеуметтік көмек, жеңіс күніне орай – 50 000 теңге;

тұрғын үйді жөндеу үшін бөлінген қаражат шеңберінде бір реттік көмек - 390 АЕК дейін;
тіс протездеу жұмыстарына бір реттік көмек - нақтылы төлем шығыны бойынша;
монша, шаштараз қызметтері үшін ай сайын - 0,5 АЕК;

2 2) Кеңес Одағы Батырының жесіріне табыстарын есептемей ай сайын - 25 000 теңге;

3 3) Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың қайталап некеге отырмаған жұбайларына Жеңіс күніне орай, табыстарын есептемей - 15 000 теңге;

4 4) соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмілетке толмаған бұрынғы тұтқындарына жеңіс күніне орай, табыстарын есептемей - 15 000 теңге;

5 5) 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына соңғы шақырылған әскери қызметшілерге, табыстарын есептемей ай сайын - 2,9 АЕК;

жеңіс күніне орай - 15 000 теңге;

6 6) бейбітшілік уақытта қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына табыстарын есептемей ай сайын - 1 АЕК;

7 7) жергілікті маңызы бар Дербес зейнеткерлерге, табыстарын есептемей ай сайын - 1 АЕК;

8

8) Қазақстан Республикасының "Тәуелсіздік күні" ұлттық мерекесі қарсаңында ауданда тұратын Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы кезіндегі "Ленин" орденінің иегерлеріне, Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік сыйлығы лауреаттарына, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметі үшін берілген құрметті атақ иегерлеріне, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен мүгедектеріне, Ауған соғысының қатысушыларына, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған тұлғаларға, "Алтын алқа" алқасымен наградталған және бұрын "Батыр ана" атағына ие болған көп балалы аналарға үнемделген қаражат есебінен бір реттік көмек – 10 000 теңгеден;

9

9) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың қайталап некеге отырмаған жұбайларына, соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына соңғы шақырылған әскери қызметшілерге, Ауған соғысының қатысушыларына, Чернобыль атом электр станциясында болған аварияның зардаптарын жоюға қатысушыларына емдеу сауықтыру санаториясында емделу үшін қаражат бөлінген жағдайда бір реттік көмек – 65 000 теңгеге дейін;

10 10) ауданның аз қамтылған азаматтарына:

ұзақ мерзімді ауырған кезеңде және облыстан тысқары жерлерде емделген жағдайда бір реттік көмек - 10 АЕК;
жерлеу рәсімін ұйымдастыру шығындарын жабуға бір реттік көмек - 10 АЕК;
өртке ұшыраған және тасқын су зардабын шеккен жағдайда бір реттік көмек - 25 АЕК;
әлеуметтік қолдау көрсету үшін қосымша қаражат бөлінген жағдайда – 1,0-1,5 АЕК;
тұрғын үйді жөндеу үшін бөлінген қаражат шеңберінде бір реттік көмек - 25 АЕК;
"Қайырымдылық айлығы" кезінде үнемделген қаражат шеңберінде бір реттік көмек – 10 АЕК.

11 11) ауданның тұрмыстық –материалдық жағдайы төмен мүгедектеріне, жалғыз басты зейнеткерлерге, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы аналарға, жетімдерге:

тұрғын үйді жөндеу үшін бөлінген қаражат шеңберінде бір реттік көмек - 25 АЕК;
"Қайырымдылық айлығы" кезінде үнемделген қаражат шеңберінде бір реттік көмек - 10 АЕК;
Облыс орталығындағы гемодиализ аппаратына мұқтаж ауданның 1 топтағы мүгедектеріне табыстарын есептемей бір реттік көмек – 50 000 теңге;

12 12) Амбулаториялық ем қабылдап жүрген сүйемелдеу кезеңіндегі өкпе ауруларына жылына бір реттік материалдық көмек – 15 АЕК көлемінде;

13 13) ауданның жалғыз басты адамдарына жерлеу рәсімін ұйымдастыру шығындарын жабуға бір реттік көмек – 10 АЕК;

14 14) ауданның 90 жасқа толған және одан жоғары жастағы мерейтой иегерлеріне табыстарын есептемей бір реттік көмек - 10 АЕК;

15 15) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай:

қайтыс болған Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің жесірлеріне - 5 000 теңге;
тыл еңбеккерлеріне - 3 000 теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек.

2

2. "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 9 маусымдағы N 8-3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-69 нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 11 шілдедегі аудандық "Екпін" газетінің 36 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2009.08.26 N 17-2 Шешімімен.

4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.