Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования и культуры, которым установлено повышение к должностным окладам за работу в аульной (сельской) местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования и культуры, которым установлено повышение к должностным окладам за работу в аульной (сельской) местности
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істегені үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 180
- Қабылданған күні
- 04.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 28.10.2014 AI44791_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.10.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09VH000083
- ЭКБ идентификаторы
- 44791
- Редакция идентификаторы
- AI44791_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:51
0 Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істегені үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек Кодексінің 238-бабының 3-тармағына, 18-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауылдық (селолық) жерлерде жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі (бұдан әрі - тізбе) 1, 2, 3 қосымшаларға сай анықталсын.
2 2. Тізбе келісілуге Бородулиха аудандық мәслихатына ұсынылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Нұрғожинға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
📌 Ескерту. Қаулы 4-тармақпен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 29.03.2013 N 666 қаулысымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5 «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істегені үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тізбесі
Бородулиха ауданының әкімдігінің
2009 жылғы 4 ақпандағы
№ 180 қаулысына
№ 1 қосымша
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істегені үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тізбесі
1 1. Мемлекеттік мекеменің басшысы және басшысының орынбасары.
2 2. Бөлім меңгерушісі, әлеуметтік жұмыс бойынша консультант, күтім бойынша әлеуметтік жұмысшы, психолог.
Бородулиха ауданының әкімдігінің
2009 жылғы 4 ақпандағы
№ 180 қаулысына
№ 2 қосымша
«Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істегені үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген білім беру мамандары лауазымдарының тізбесі
1 1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары, кітапхана, әдістемелік кабинет меңгерушісі.
2 2. Педагогикалық жұмысшылар және оларға теңестірілген тұлғалар: барлық мамандықтағы мұғалімдер, аға тәрбиеші, тәрбиеші, мастер, нұсқаушы, аға вожатый, педагог-ұйымдастырушы, қосымша білім беру педагогы, педагог-психолог.
3 «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істегені үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі
3. Мамандар: кітапханашы, медбике, әдіскер.
Бородулиха ауданының әкімдігінің
2009 жылғы 4 ақпандағы
№ 180 қаулысына
№ 3 қосымша
«Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істегені үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі
1 1. Мемлекеттік мекеме мен коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және орынбасары, меңгеруші.
2 2. Мәдениет мамандары: әртіс, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы, оқытушы, музыкалық жетекші, әдіскер, хореограф, дыбыс жазу операторы.
Бородулиха ауданы әкімі
аппаратының басшысы
В. Бастриков