О перечне лиц, относящихся к целевым группам населения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О перечне лиц, относящихся к целевым группам населения
- Атауы (қаз.)
- Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 61
- Қабылданған күні
- 18.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 07.10.2009 AI44832_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.10.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09NE000083
- ЭКБ идентификаторы
- 44832
- Редакция идентификаторы
- AI44832_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:44
0 Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасы негізінде және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 2-тармағына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі бекітілсін.
2 2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қарастырсын.
3 3. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 16 "Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі туралы" қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі № 9-5-59, 2008 жылғы 27 наурыздағы № 12 "Таза бұлақ-Чистый родник" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары К.Ғ. Таңқыбаевқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тiзбесi
Әкiмдіктің
2009 жылғы 18 ақпандағы
№ 61 қаулысымен бекітілген
Халықтың нысаналы топтарына
жататын тұлғалардың тiзбесi
Аз қамтылғандар;
жиырма бір жасқа дейiнгi жастар;
балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар;
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;
Қазақстан Республикасының Заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар;
зейнеткерлiкке шығу алдындағы тұлғалар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған);
мүгедектер;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған тұлғалар;
бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған тұлғалар;
оралмандар;
ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (бір жыл және одан да көп) кәсiби, орта-арнаулы және жоғары бiлiм беру ұйымдарының түлектері;
болашағы жоқ жастағы тұлғалар (елу жастан жоғары);
жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
курстық дайындықтың түлектері.