Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ауыз суға жинақталған қарыздарын өтеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
ҚАЗЖергілікті өкілді органның шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ауыз суға жинақталған қарыздарын өтеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ауыз суға жинақталған қарыздарын өтеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ауыз суға жинақталған қарыздарын өтеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 17
- Қабылданған күні
- 09.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 26.11.2009 · қолданыстағы 44869_215792.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 26.11.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09LD000094
- ЭКБ идентификаторы
- 44869
- Редакция идентификаторы
- 44869_215792
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:49
0 Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ауыз суға жинақталған қарыздарын өтеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Тұрмысы төмен отбасылардың ауыз суға жинақталған қарыздарын өтеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көрсетудің нұсқаулығы қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
3 Қазалы ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 9 ақпандағы
N 17 қаулысымен бекітілген
қосымша
Тұрмысы төмен отбасылардың ауыз суға жинақталған қарыздарын өтеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көрсетудің нұсқаулығы
1 1. Кіріспе
1 1. Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес әзірленді.
2 2. Осы нұсқаулық жергілікті өкілді органның шешімі бойынша аудандық бюджетте қаралған қаражат шегінде мұқтаж азаматтар санатындағы тұрмысы төмен отбасыларға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді.
2 2. Тұрмысы төмен отбасыларына ауыз суға жинақталған қарыздарын өтеу үшін берілетін біржолғы әлеуметтік көмектің тағайындалуы
3
3. Тұрмысы төмен отбасыларына ауыз суға жинақталған қарыздарын өтеу үшін берілетін біржолғы әлеуметтік көмек "Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Сумен жабдықтау нысандарын жөндеу және пайдалану" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ұсынған тізімі бойынша "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) тағайындайды.
4
4. Уәкілетті орган кент, қала, ауылдық округ әкiмдерiнің жанынан құрылған тұрмысы төмен отбасылардың тұрмыстық жағдайын зерттейтін учаскелік комиссиялардың қорытындыларымен бірге өтініштер қабылдайды, оларды қабылдаған күннен бастап он күн ішінде қарайды және біржолғы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.