Құжат мәтініне өту

Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ауыз суға жинақталған қарыздарын өтеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қаулы · № 17 · қабылданған 09.02.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-44869/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ауыз суға жинақталған қарыздарын өтеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 17 ·09.02.2009
26.11.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ауыз суға жинақталған қарыздарын өтеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 17 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ауыз суға жинақталған қарыздарын өтеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
Атауы (қаз.)
Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ауыз суға жинақталған қарыздарын өтеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
17
Қабылданған күні
09.02.2009
Көрсетілген редакция
26.11.2009 · қолданыстағы 44869_215792.kaz
Соңғы өзгеріс
26.11.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09LD000094
ЭКБ идентификаторы
44869
Редакция идентификаторы
44869_215792
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:49

0 Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ауыз суға жинақталған қарыздарын өтеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Тұрмысы төмен отбасылардың ауыз суға жинақталған қарыздарын өтеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көрсетудің нұсқаулығы қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

3 Қазалы ауданы әкімдігінің

2009 жылғы 9 ақпандағы
N 17 қаулысымен бекітілген
қосымша
Тұрмысы төмен отбасылардың ауыз суға жинақталған қарыздарын өтеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көрсетудің нұсқаулығы

1 1. Кіріспе

1 1. Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы нұсқаулық жергілікті өкілді органның шешімі бойынша аудандық бюджетте қаралған қаражат шегінде мұқтаж азаматтар санатындағы тұрмысы төмен отбасыларға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді.

2 2. Тұрмысы төмен отбасыларына ауыз суға жинақталған қарыздарын өтеу үшін берілетін біржолғы әлеуметтік көмектің тағайындалуы

3

3. Тұрмысы төмен отбасыларына ауыз суға жинақталған қарыздарын өтеу үшін берілетін біржолғы әлеуметтік көмек "Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Сумен жабдықтау нысандарын жөндеу және пайдалану" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ұсынған тізімі бойынша "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) тағайындайды.

4

4. Уәкілетті орган кент, қала, ауылдық округ әкiмдерiнің жанынан құрылған тұрмысы төмен отбасылардың тұрмыстық жағдайын зерттейтін учаскелік комиссиялардың қорытындыларымен бірге өтініштер қабылдайды, оларды қабылдаған күннен бастап он күн ішінде қарайды және біржолғы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

5 5. Қажет болған жағдайда уәкілетті орган өтініш беруші мен оның отбасының материалдық жағдайын учаскелік комиссияның тексеруі туралы шешім қабылдауы мүмкін.

3 3. Қаржыландыру және төлеу

6 6. Біржолғы әлеуметтік көмек "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" 451007000332 бағдарламасында қаралған қаражат есебінен қаржыландырылады.

7 7. Біржолғы әлеуметтік көмекті алушылар "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) өтініш;

2 2) жеке басын куәландыратын құжат (көшірмесімен бірге);

3 3) ауыз суға қарызының анықтамасы;

4 4) әлеуметтiк жеке код (ӘЖК) тағайындалғандығы туралы куәлiк (көшірмесімен бірге);

5 5) азаматтарды тіркеу кiтабы (көшірмесімен бірге) немесе отбасы құрамы туралы анықтама;

6 6) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) (көшірмесімен бірге).

8 8. Әлеуметтік көмекті алушыларға белгіленген қаржы "Қазпочта" акционерлік қоғамы Қызылорда облыстық филиалының Қазалы аудандық почта байланыс торабы арқылы жеке шоттарына аударылады.

Қолданыстағы