Құжат мәтініне өту

Аудан бойынша қоғамдық жұмыстар объектілерін белгілеу туралы

Қаулы · № 49 · қабылданған 04.02.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-44871/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Аудан бойынша қоғамдық жұмыстар объектілерін белгілеу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 49 ·04.02.2009
05.01.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Аудан бойынша қоғамдық жұмыстар объектілерін белгілеу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 49 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Аудан бойынша қоғамдық жұмыстар объектілерін белгілеу туралы
Атауы (қаз.)
Аудан бойынша қоғамдық жұмыстар объектілерін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
49
Қабылданған күні
04.02.2009
Көрсетілген редакция
05.01.2010 · қолданыстағы 44871_184549.kaz
Соңғы өзгеріс
05.01.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09TH000144
ЭКБ идентификаторы
44871
Редакция идентификаторы
44871_184549
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:51

0 Аудан бойынша қоғамдық жұмыстар объектілерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 42 бабын, 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 208 Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексінің 30 бабын, Әділет министрлігінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 151 бұйрығымен бекітілген "Сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауды атқару туралы" Нұсқаулығын басшылаққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Соттардың үкімімен, қаулысымен сотталған адамдарға 2009 жыл ішінде қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін кәсіпорындар, шаруашылық пен кәсіпкерлік субъектілері (келісім бойынша) төмендегі көрсетілген қоғамдық жұмыс объектілері болып белгіленуге ұсынылсын:

1 1) "Серпер-2" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

2 2) "Темірәлі-Тұрмыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

3 3) "Габдушов Миргали" жеке кәсіпкер.

2 2. Жоғарыда көрсетілген заңды тұлға басшыларына (келісім бойынша) жазасын өтеуге жіберілген азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету ұсынылсын.

3 3. Аудандық қылмыстық-атқару инспекциясы (Каримов Б. - келісім бойынша) қоғамдық жұмыс объектілері басшыларымен және жергілікті округ әкімдерімен тығыз байланыста болып, қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жазасын өтеу тәртібі жөнінде түсінік беру ұсынылсын.

4 4. Қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және ресми жарияланып күнтізбелік 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Каримов Бауыржан - аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының аға маман инспекторы;
Жүгінісов Болат - "Серпер-2" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
бастығы;
Теміралиев Еркебұлан - "Темірәлі-Тұрмыс" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің бастығы;
Габдушов Мергали - "Габдушов Мергали" жеке кәсіпкер.

Қолданыстағы