Құжат мәтініне өту

Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығы туралы

Қаулы · № 765 · қабылданған 04.03.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.07.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-44925/?version=44925_215821.kaz
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығы туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 765 ·04.03.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығы туралы

ҚАЗЖекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығы туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 765 · қабылданған 04.03.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығы туралы
Атауы (қаз.)
Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығы туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
765
Қабылданған күні
04.03.2009
Көрсетілген редакция
04.07.2011 · қолданыстағы 44925_215821.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
04.07.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09LF000120
ЭКБ идентификаторы
44925
Редакция идентификаторы
44925_215821
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:36

0 Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығы туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен
мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына сәйкес жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем беру мақсатында
Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығы 1-қосымшаға;

2 2) Жекелеген санаттағы азаматтарға шаштараздар және моншалар қызметтері бойынша әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығы 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. 3-қосымшаға сәйкес Жалағаш ауданы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.

3 3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Жалағаш ауданы әкімдігінің

2009 жылғы 4 наурыздағы
N 765 қаулысымен
бекітілген қосымша
Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру НҰСҚАУЛЫҒЫ

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Нұсқаулық Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соғыс мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, олардың жесірлеріне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек етіп, әскери қызмет өткерген азаматтарға әлеуметтік төлемдер беруді белгілейді.

2 2. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Бюджеттен өтелетін әлеуметтік төлем түрлері

3 3. Әлеуметтік төлем бір мәрте мына қызмет түрлері бойынша тағайындалады:

1 1) электрмен жабдықтау;

2 2) газбен жабдықтау (баллонды газ);

3 3) жылумен қамтамасыз ету (орталықтандырылған жылу немесе қатты отын);

4 4) ауыз сумен қамтамасыз ету;

5 5) телефон байланысы (Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және жеңілдіктермен кепілдіктер жағынан соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдарға беріледі).

3 3. Жекелеген санаттағы азаматтарға коммуналдық қызметтердің түрлері бойынша тағайындалатын әлеуметтік төлемнің мөлшері

Р/с
Әлеуметтік төлемнің түрлері
Жан басына шаққандағы
Орта есеппен 1 айға есептелгені
1
Электрмен жабдықтау
1 адам
45 квт/сағ 7,91 теңге
2
Газбен жабдықтау
1 адам
1 баллон 1200 теңге
3
Жылумен қамтамасыз ету (орталықтандырылған жылу немесе қатты отын)
1 адам
0,5 тн қатты отын 3250 теңге
4
Ауыз сумен қамтамасыз ету
1 адам
Тариф бойынша 50 теңге
5
Телефон байланысы
1 адам
Тариф бойынша 297 теңге 08 тиын

4 4. Әлеуметтік төлем алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

4 4. Әлеуметтік төлем алуға құқығы бар азамат "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) өтініш;

2 2) жеке куәлік;

3 3) азаматтарды тіркеу кітабы;

4 4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН);

5 5) әлеуметтік төлемді алу құқығын растайтын құжаттар.

5 5. Әлеуметтік төлемдерге арналған қаражаттар әлеуметтік төлемдерді алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аударылады.

6 6. Әлеуметтік төлемдер алушы қайтыс болған жағдайда және Қазақстан Республикасының заңнамасы қарастырған басқа да негіздерге сәйкес тоқтатылады.

7 7. Әлеуметтік төлемдер тиісті бюджеттен бөлінген қаржы көлемінде атқарылады.

28 Жалағаш ауданы әкімдігінің

2009 жылғы 4 наурыздағы
N 765 қаулысымен бекітілген
2-қосымша
Жекелеген санаттағы азаматтарға шаштараздар және моншалар қызметтері бойынша әлеуметтік төлемдер беру
НҰСҚАУЛЫҒЫ

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Нұсқаулық жергілікті өкілді органның шешімі бойынша жекеле-ген санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдер бағдарламасы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне (бұдан әрі- өтемақы алушылар) аудан бюджетінен шаштараздар және моншалар қызметтері бойынша әлеуметтік төлемдер беруді белгілейді.

2 2. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырылады.

2 2. Әлеуметтік төлемдердің түрлері

3 3. Әлеуметтік төлемдерді алушыларға өтемақы бір мәрте мына түрлер бойынша тағайындалады:

1 1) шаштараздар қызметі үшін әлеуметтік төлем-100 теңге;

2 2) моншалар қызметі үшін әлеуметтік төлем-400 теңге.

3 3. Қаржыландыру және төлеу

4.Бағдарлама әкімшісі "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылады.

4 4. Жәрдемақы алуды растайтын құжаттар тізбесі

5 5. Әлеуметтік төлем алуға құқығы бар азамат "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) өтініш;

2 2) жеке куәлік;

3 3) азаматтарды тіркеу кітабы;

4 4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН);

5 5) жәрдемақы алу құқығын растайтын құжаттар.

6 6. Әлеуметтік төлемдер тиісті бюджеттен бөлінген қаржы көлемінде атқарылады және екінші деңгейдегі банктер арқылы аударылады.

7 7. Әлеуметтік төлемдер алушы қайтыс болған жағдайда және Қазақстан Республикасының заңнамасы қарастырған басқа да негіздерге сәйкес тоқтатылады.

46 Жалағаш ауданы әкімдігінің

2009 жылғы 4 наурыздағы
N 765 қаулысына 3-қосымша
Жалағаш ауданы әкімдігінің жойылған кейбір қаулыларының
ТІЗБЕСІ

1 1. "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Қағидасы туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 101 қаулысы.

2 2. "Жалағаш ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 101 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 6 қыркүйектегі N 213 қаулысы.

3 3. "Жалағаш ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 101 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 ақпандағы N 373 қаулысы.

4 4. "Жекелеген санаттағы азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету және әлеуметтік төлемдер беру мәселелері туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі N 445 қаулысы.