Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил заключения Соглашения по применению трансфертного ценообразования

Бұйрық · № 63 · қабылданған 12.02.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-44941/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил заключения Соглашения по применению трансфертного ценообразования Күшін жойған Бұйрық ·№ 63 ·12.02.2009
09.01.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил заключения Соглашения по применению трансфертного ценообразования

Күшін жойған Бұйрық ·№ 63 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил заключения Соглашения по применению трансфертного ценообразования
Атауы (қаз.)
Трансферттік баға белгілеуді қолдану бойынша келісім жасасу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
63
Қабылданған күні
12.02.2009
Көрсетілген редакция
09.01.2012 AI44941_4.kaz
Соңғы өзгеріс
09.01.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005584_
ЭКБ идентификаторы
44941
Редакция идентификаторы
AI44941_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:47

0 Трансферттік баға белгілеуді қолдану бойынша келісім жасасу ережесін бекіту туралы

"Трансферттік баға белгілеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Трансферттік баға белгілеуді қолдану бойынша келісім жасасу ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетi Төрағасына (Ерғожин Д.Е.) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендiк бақылау комитетi Төрағасына (Кәрбозов Қ-К.Ж.) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

5 Трансферттік баға белгілеуді қолдану бойынша келісім жасасу ережесі

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2009 жылғы 12 ақпандағы
N 63 бұйрығымен бекітілген
Трансферттік баға белгілеуді қолдану бойынша келісім жасасу ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Трансферттік баға белгілеуді қолдану бойынша келісім жасасу ережесінде (бұдан әрі - Ереже) «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген, ол уәкілетті органдар - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (бұдан әрі – Салық комитеті), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі - Кедендік бақылау комитеті) мен мәмілеге қатысушы арасында Трансферттік баға белгілеуді қолдану бойынша келісім (бұдан әрі - Келісім) жасасу тәртібін айқындайды.

2 2. Келісімде мынадай тармақтар көрсетіледі:

1 1) жалпы ережелер;

2 2) Келісім тараптары;

3 3) Келісім мәні;

4 4) ұсынылатын құжаттар тізбесі;

5 5) нарықтық бағаны айқындау әдісі;

6 6) нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзі;

7 7) Келісімнің қолданыс мерзімі;

8 8) Келісім күшіне енген күн;

9 9) Келісім қолданысы кезеңінде қолданылатын бағалар туралы ақпарат беру мерзімі;

10 10) құпиялылық;

11 11) Келісім шарттарын салық төлеушінің орындамауының (бұзуының) салдарлары;

12 12) қосымша шарттар.

2 2. Трансферттік баға белгілеуді қолдану бойынша келісім жасасу тәртібі

3 3. Мәмілеге қатысушы Салық комитетіне төмендегілерді қамтитын Келісім жасасу үшін қажетті нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса берілетін Келісім жасасуға өтінішті табыс етеді:

1 1) шаруашылық ететін субъектінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін, құрылтай құжаттарын (жарғы, құрылтайшылық шарт) және 5%-дан аса акциялары (үлестері) бар акция (үлес) ұстаушылар тізілімінен көшірме жазбаны;

2 2) алынып тасталды

- ҚР Қаржы министрінің 2010.12.24 № 649 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3 3) алынып тасталды

- ҚР Қаржы министрінің 2010.12.24 № 649 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4 4) жеке басын куәландыратын құжат пен салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін (жеке тұлғалар үшін);

5 5) жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін;

6 6) тауарларды өткізуге және сатып алуға келісім-шартты (толықтырулармен және өзгерістермен);

7 7) Қазақстан Республикасының Құзыретті органымен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған (толықтырулармен және өзгерістермен) және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметімен (уәкілетті органдармен) келісім-шарттарды;

8 8) Қазақстан Республикасының және шет елдердің компанияларына инвестициялары (акциялары) туралы ақпаратты;

9 9) тараптардың өзара байланыстылығы туралы деректерді;

10 10) мәмілелер жасасу кезінде пайдаланылатын нарықтық бағалар бойынша ақпарат көзін;

11 11) нарықтық баға белгілеу үшін ұсынылатын әдісті;

12

12) маркетингтік саясатты (тауарлық, өткізу, бағалық, сондай-ақ тауардың рыноктағы жылжу саясаты), баға белгілеуде ықпал ететін факторларға қатысты ақпаратты қоса нарықтағы беделін қоса алғанда бизнес стратегиясын қамтитын Келісім жасасу үшін қажет құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін Салық комитетіне тапсырады.
Осы тармақтың 1)-12) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды табыс ету мүмкін болмаған кезде мәмілеге қатысушы оларды табыс ету мүмкін еместігі туралы негіздеме тапсырады.

4

4. Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өзара байланысты компанияларға өткізген (сатып алған) жағдайда Келісім жасасатын мәмілеге қатысушы сонымен қатар өзара байланысты компанияларға осы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізумен (сатып алумен) байланысты құжаттарды да тапсырады.

5 5. Мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға өтінішін уәкілетті органдар мәмілеге қатысушыдан аталған өтінішті алған күннен бастапкүнтізбелік тоқсан күн ішінде мынадай тәртіпте қарайды:

Салық комитеті мәмілеге қатысушының өтінішін қосып Келісім жобасын келісуге Кедендік бақылау комитетіне жібереді;
Кедендік бақылау комитеті Салық комитетіне Келісім жобасына ұсыныстарды он бес жұмыс күні ішінде береді;
Уәкілетті органдар оң шешім қабылдаған жағдайда шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Салық комитеті мәмілеге қатысушыға қол қойылған күнінен бастап үш жылдан аспайтын мерзім ішінде қолданылатын қол қойылған Келісімді жолдайды;
Мәмілеге қатысушы қол қойылған Келісімді қол қойылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органдарға жібереді.
Келісім жасасудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда Салық комитеті мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға өтінішін қарау нәтижелері бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Кедендік бақылау комитетінің ұсыныстарын ескере отырып, Келісім жасасудан бас тартудың себептерімен мәмілеге қатысушыға жазбаша жауап жібереді.

6 6. Уәкілетті органдар мәмілеге қатысушыға мынадай жағдайларда Келісім жасасудан бас тартады:

1 1) Келісім жасасу үшін қажет және осы Ережеде көзделген құжаттардың толық тізбесін тапсырмаған кезде;

2 2) Заңның 18-бабында белгіленген кезектілік ескеріле отырып, нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын және мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға өтінішінде көзделмеген өзге ақпарат көздерін қолдану мүмкіндігі болғанда;

3 3) мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға өтінішінде көзделмеген және Заңның 12-бабында белгіленген кезектілік ескеріле отырып, нарықтық бағаны анықтау үшін өзге әдістерді қолдану мүмкіндігі болғанда.

7 7. Уәкілетті органдар басқа мемлекеттердің мемлекеттік органдарынан және уәкілетті органдарынан Келісім жасасуға қатысы бар құжаттарға (ақпаратқа) сұрау салдырады.

Сұрау салулар жіберу уәкілетті органдардың мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға өтінішін қарау мерзімін сұрау салынған құжаттар (ақпараттар) алынғанға дейін, бірақ отыз күнтізбелік күннен аспайтын уақытқа тоқтата тұрады.
Уәкілетті органдар мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға өтінішін қарау мерзімінің сұрау салынған құжаттар (ақпараттар) алынғанға дейін тоқтатылғаны туралы мәмілеге қатысушыны хабарландырады.

8 8. Алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 2010.12.24 № 649 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9 9. Мәмілеге қатысушының Келісім ережелерін орындауы бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті органдар оны бір жақты тәртіпте бұзады, бұл ретте Салық комитеті мәмілеге қатысушыны шешім қабылданған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей Келісімнің бұзылғаны туралы хабарлайды.

Келісімді бір жақты тәртіпте бұзуға әкелетін бұзушылықтарға:
уәкілетті органдармен келісілмеген өзге нарықтық бағаларды айқындау әдістері мен ақпарат көздерін пайдалану;
мәмілеге қатысушы берген құжаттарда дұрыс емес немесе бұрмаланған ақпараттардың болуы.
Келісім ережелерінің бұзылуына жол берген мәмілеге қатысушылармен соның салдарынан осыған ұқсас Келісім жасалмайды.

10 10. Уәкілетті органдар мен мәмілеге қатысушының өзара келісімі бойынша Келісім көзделген қолданыс мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін, бұл ретте Келісімнің шарты бұзылғанға дейін өз күшін сақтайды.

11 11. Алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 2010.12.24 № 649 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қолданыстағы