Об утверждении ставок фиксированного налога в Аккольском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении ставок фиксированного налога в Аккольском районе
- Атауы (қаз.)
- Ақкөл ауданындағы тіркелген салықтың мөлшерлерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С 15-3
- Қабылданған күні
- 30.01.2009
- Көрсетілген редакция
- 14.11.2014 AI44943_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09BC000103
- ЭКБ идентификаторы
- 44943
- Редакция идентификаторы
- AI44943_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:52
0 Ақкөл ауданындағы тіркелген салықтың мөлшерлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 – ІІ “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 10 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV «Бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 422 бабына сәйкес және Ақкөл ауданының әкімшілігі ұсынысын қолдауымен, ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақкөл ауданындағы тіркелген салық мөлшерлері бекітілсін.
2. Ақкөл аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 25 маусымдағы № С 44 – 5 «Ойын бизнесінің ұтысты, келісім бағамен жинақталған салықты бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуден өткізу жөніндегі 2007 жылғы 20 шілдеде № 1-3-73 Өңірлік Тізілімдемеде тіркелген, 2007 жылдың 03 тамызда «Ақкөл өмірі» газетінде жарияланған шешімнің күші) жойылған деп танылсын.
3. Шешім Ақкөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудан әкімі А.С.Үйсімбаев
4 Бекітілген
2009 жылғы 30 қаңтардағы
Ақкөл аудандық мәслихатының
№ С 15-3 шешімі
Тіркелген салықтардың мөлшері
№
Объектінің атауы
Тіркелген салықтардың мөлшері (бір айда бір АЕК)
1
Ойынды бір ойыншымен жүргізуге арналған, ұтысы жоқ ойын автоматы
1
2
Ойынды бірнеше ойыншымен жүргізуге арналған, ұтысы жоқ ойын автоматы
2
3
Ойын жүргізу үшін қолданылатын жеке компьютер
1
4
Ойын жолағы
5
5
Карт
2
6
Бильярд үстелі
3