О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 399
- Қабылданған күні
- 25.03.2009
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2020 44969_452846.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P090000399_
- ЭКБ идентификаторы
- 44969
- Редакция идентификаторы
- 44969_452846
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:32
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 25 наурыздағы
N 399 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1 1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 49, 518-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ның функциялары" деген 4-бөлімнің екінші абзацында "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ны дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес қабылдаған шешімдер негізінде" деген сөздер алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар" деген 5-1-бөлім алынып тасталсын.
2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.04.2014 N 377 қаулысымен.
3 3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363 қаулысында :
1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер туралы ережеде:
2-тармақта "ҚазАгро" ұлттық холдингі"," деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамы алынып тасталсын.