О лицензировании отдельных видов деятельности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О лицензировании отдельных видов деятельности
- Атауы (қаз.)
- Жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 7-235
- Қабылданған күні
- 20.07.1998
- Көрсетілген редакция
- 20.07.1998 4497_258688.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.07.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V98D000052_
- ЭКБ идентификаторы
- 4497
- Редакция идентификаторы
- 4497_258688
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:36
0 Жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 29.09.2004 № 9-95 шешімімен.
1998 жылғы қаңтардың 27-гі N 38-ші "Алкогольді өнімдердің айналымына, өндірілуіне мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетті қўру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, 1998 жылғы мамырдың 21-гі "Мемлекеттік басқаруды одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен және 1998 жылғы маусымның 16-ғы N 543-ші "Алкогольді өнімдердің айналымын реттеу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен, алкогольді өнімдердің айналымына мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында облыс Әкімі
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 1998 жылғы қыркүйектегі 19-ғы N 9-358-ші "Лицензиялау комиссиясын қўру туралы" облыс Әкімі шешімінің күші жойылды деп есептелінсін.
2. Текелі, Талдықорған, Қапшағай қалалары мен аудан әкімдеріне алкогольді өнімдердің айналымына бақылауды күшейту мақсатында мынадай тәртіп орнатылсын:
- этил спирті және алкогольді өнімдерді өндіру, сақтау, сату (сырадан басқа) көтерме саудалау Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің арнаулы лицензиясымен жүзеге асырылуы қажет.
3. Өнеркәсіп және сауда басқармасы (Ш.М. Мәжіденов), Салық полициясы комитеті басқармасы (В.Н. Кидик), Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің келісімі бойынша осы шешімнің 2-ші тармағының атқарулуына бақылау жасауды жүзеге асырсын.