Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О создании государственного учреждения Департамент по управлению коммунальной собственностью Мангистауской области

Өзге акт · № 246 · қабылданған 25.10.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4498/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О создании государственного учреждения Департамент по управлению коммунальной собственностью Мангистауской области Күшін жойған 25.10.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О создании государственного учреждения Департамент по управлению коммунальной собственностью Мангистауской области

Күшін жойған Өзге акт № 246 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании государственного учреждения Департамент по управлению коммунальной собственностью Мангистауской области
Атауы (қаз.)
Маңғыстау облысының коммуналдық меншiгiн басқару жөнiндегi Департаментi мемлекеттiк мекемесiн құру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
246
Қабылданған күні
25.10.1999
Көрсетілген редакция
25.10.1999 4498_269992.kaz
Соңғы өзгеріс
25.10.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99M000143_
ЭКБ идентификаторы
4498
Редакция идентификаторы
4498_269992
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:52
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.10.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Маңғыстау облысының коммуналдық меншiгiн басқару жөнiндегi Департаментi мемлекеттiк мекемесiн құру туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау
облыстық әділет департаменті бастығының нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеудің күшін жою туралы 02.12.2003 жылғы қорытындысымен.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң 105 бабын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 , "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысын iске асырудың жекелеген мәселелерi" 1999 жылғы 17 шiлдедегi N 994 , "Коммуналдық меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi" 1999 жылғы 21 қыркүйектегi N 1431 қаулыларын басшылыққа ала отырып, шешiм етемiн:

1. Маңғыстау облысының коммуналдық меншiгiн басқару жөнiндегi Департаментi мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Департамент) құрылсын.

2. Маңғыстау облысының коммуналдық меншiгiн басқару жөнiндегi Департаментi туралы Ереже бекiтiлсiн.

3. Маңғыстау облысының коммуналдық меншiгiн басқару жөнiндегi Департаментiнiң құрылымы мен штат санының шегi бекiтiлсiн.

4. Облыстық экономика, өнеркәсiп және сауда басқармасы (Е.Күмiсқали) акт бойынша облыстық коммуналдық меншiк объектiлерiн қабылдап алу-берудiң барлық актiсi мен осы мәселе жөнiндегi басқа да құжаттарын жаңадан құрылған Департаментке беретiн болсын.

5. Облыс әкiмiнiң орынбасары Е.О.Рахметов акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн қабылдап алу-беру актiлерi мен облыстың коммуналдық меншiгiне берiлген шаруашылық жүргiзушi серiктестiктердiң мемлекеттiк үлестерiн жаңадан құрылған Департаментке берiлуiн қамтамасыз ететiн болсын.

6. Облыстық қаржы басқармасы (С.Б.Шаметова) Маңғыстау облысының коммуналдық меншiгiн басқару жөнiндегi Департаментiн ағымдағы жылдың аяғына дейiн бекiтiлген бюджет шегiнде қаржыландыруға қаражат iздестiрсiн және 2000 жылға арналған облыстық бюджеттi қалыптастыру кезiнде оның қаржыландырылуын көздесiн.

7. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Е.О.Рахметовке жүктелсiн.