Құжат мәтініне өту

О переименовании государственного учреждения "Высшее военное училище внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан"

Қаулы · № 348 · қабылданған 17.03.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-44981/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О переименовании государственного учреждения "Высшее военное училище внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан" Қолданыста Қаулы ·№ 348 ·17.03.2009
18.06.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О переименовании государственного учреждения "Высшее военное училище внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан"

Қолданыста Қаулы ·№ 348 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О переименовании государственного учреждения "Высшее военное училище внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің жоғары әскери училищесі" мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
348
Қабылданған күні
17.03.2009
Көрсетілген редакция
18.06.2015 AI44981_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090000348_
ЭКБ идентификаторы
44981
Редакция идентификаторы
AI44981_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:33

0 "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің жоғары әскери училищесі" мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері үшін мамандар даярлауды одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің жоғары әскери училищесі" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Әскери институты" мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) мемлекеттік мекеменің әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 17 наурыздағы
N 348 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2 2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 25, 311-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
12-тармақта 2) тармақшаның елу бесінші абзацындағы ", әскери училищелерде" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Әскери институты.".

3 3. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 339 қаулысында :

көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
2-бөлімде:
2-бағандағы "Ішкі әскерлердің құрамалары мен бөлімдері, оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер: олардың ішінде Ішкі әскерлердің жоғары әскери училищесінің курсанттары" деген жолдағы "Ішкі әскерлердің жоғары әскери училищесінің" деген сөздер "Ішкі әскерлердің Әскери институтының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-бағандағы "Ішкі әскерлердің жоғары әскери училищесі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі әскерлердің Әскери институты".

4

4. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 маусымдағы N 591 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 30, 305-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
"Ішкі әскерлердің жоғары әскери училищесі (Петропавл қаласы)" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі әскерлердің Әскери институты".

Қолданыстағы