Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
ҚАЗӘлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Күшін жойған
Қаулы
·№ 27
·
қабылданған 12.02.2009
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 27
- Қабылданған күні
- 12.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 26.05.2009 · қолданыстағы 45008_203390.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 26.05.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09DI000081
- ЭКБ идентификаторы
- 45008
- Редакция идентификаторы
- 45008_203390
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:47
0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабындағы 5 тармақтың 5-4 тармақшасын және 18-1 баптарын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі әлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілермен шартқа отыруға уәкілетті орган болып саналсын.
3 3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі (М.Б.Тілеуберген):
1 1) халықтың нысаналы тобына жататын уәкілетті органда тіркелген жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуді жүзеге асырсын;
2 2) 2009 жылға арналған ауданның бюджетінде көзделген қаражат шегінде жұмыс берушінің еңбегіне төлеген шығынның ішінара төлемін өтесін;
3 3) әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбегіне төлеген шығынның ішінара өтемақысының мөлшері ең төменгі еңбек жалақысы көлемінде екінші банк деңгейіндегі жұмыссыздардың есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылсын.
4 4. Аудандық қаржы бөлімі (Г.М. Бейсекулова) әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру бойынша қаражатты уақытымен бөлінуін қамтамасыз етсін.
5 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды аудан әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Әлібаевқа жүктелсін.
6 6. Осы қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
10 Ескелді аудандық әкімдігінің
12 ақпан 2009 жылғы
"Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру туралы"
N 27 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу
ТӘРТІБІ
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі Қазақстан Республикасының "халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабына сәйкес жасалды.