Әлеуметтік төлемдердің түрлерін төлеу нұсқаулығын бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Әлеуметтік төлемдердің түрлерін төлеу нұсқаулығын бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік төлемдердің түрлерін төлеу нұсқаулығын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 417
- Қабылданған күні
- 23.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 11.02.2011 · қолданыстағы 45014_215814.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.02.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09LI000082
- ЭКБ идентификаторы
- 45014
- Редакция идентификаторы
- 45014_215814
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:41
0 Әлеуметтік төлемдердің түрлерін төлеу нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 1 тармағын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес, жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек беру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және соларға
теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы
еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендері мен медальдарымен марапатталған адамдарына және соғыста қаза тапқан әскери қызметшілердің қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу нұсқаулығы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3 3. Қаулы алғашкы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 2009 жылғы 23 ақпандағы
N 417 қаулысымен бекітілген
қосымша
Әлеуметтік төлемдердің түрлерін төлеу нұсқаулығы
1 1. Жалпы ереже
1
1. Осы нұсқаулық жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жекелеген кейбір санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдер бағдарламасына сәйкес, Ұлы Отан соғысына қатысушылыр мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР одағының ордендері мен медальдарымен марапатталған адамдарға және соғыста қаза тапқан әскери қызметшілердің қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына сондай-ақ, соғыс жылдары тылда алты айдан кем емес еңбек еткен еңбеккерлеріне тиісті бюджеттерден коммуналдық шығындары және телефон байланысы үшін өтемақы төлеуді белгілейді.
2 2. Әлеуметтік төлемдерді алушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындап, төлеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүргізіледі.
Көрсетілетін әлеуметтік төлемдер жаңартылып (өзгертіліп) отыратын көрсеткіштер негізінде тағайындалып отырады.
2 2. Коммуналдық қызмет түрлері және телефон байланыс шығындары
1 1. Әлеуметтік төлемдерді алушыларға әлеуметтік көмектер ай сайын (қосымша есебіне сәйкес) төмендегі коммуналдық қызметтердің түрлері бойынша тағайындалады.
1 1) Электр жарығы;
2 2) Жылу қызметі;
3 3) Ауыз және аяқ су қызметтері;
4 4) Газ қызметі;
5 5) Канализация;
6 6) Қоқыс шығару шығындары;
3 3. Қаржыландыру және төлеу.
1 1. Бағдарлама әкімшісі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі болып табылады.