Об утверждении положения оказания адресной социальной помощи Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арнаулы әлеуметтік көмектер көрсетудің ережесін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 16.01.2002 № 4 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Арнаулы әлеуметтік көмектер көрсетудің Уақытша ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы шілдедегі № 1036 қаулысын орындау үшін және жергілікті бюджеттер шығысына жәрдем ақы түрінде әлеуметтік көмекке қаржы қаралған «1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабы мен "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1 -бабы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Арнаулы әлеуметтік көмектер көрсетудің ережесі бекітілсін (тіркелді).
Тармақ 2
2. Аудандардың және Орал қаласының әкімдері: - 1999 жылдың 1 сәуірінен бастап балалары бар отбасыларға, бала туғанда, жұмыс істейтін азаматтарды жерлеуге жәрдемақы түріндегі, табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстағаны және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны төлеуге арналған жәрдемақы түріндегі әлеуметтік көмектер тағайындауды және төлеуді, жұмыссыздарға және жұмыссыздар қайтыс болғанда оларды жерлеуге материалдық көмектер көрсетуді жүзеге асыратын комиссиялар құрсын; - осы шешімнің орындалуы туралы ақпарат облыс әкімі аппаратаның ішкі саясат және әлеуметтік сала бөліміне 1999 жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде тапсырылатын болсын.
Тармақ 3
3. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.И. Құлшарға жүктелсін.
Басқа 4. Арнаулы әлеуметтік көмектер көрсету ЕРЕЖЕСІ
Облыс әкімінің 1999 жылдың 7.10. № 200 шешіміне қосымша Арнаулы әлеуметтік көмектер көрсету ЕРЕЖЕСІ
Бөлім 1. 1-бөлім
1-бөлім Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Арнаулы әлеуметтік көмек жәрдемақы түрінде беріледі.
Тармақ 2
2. Жәрдемақының түрлері:
Тармақша 1
1) 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына көмек;
Тармақша 2
2) 7 жасқа дейінгі төрт және одан да көп балалар, жұмыс істемейтін көп балалы аналарға;
Тармақша 3
3) мерзімді әскери қызметшілердің балаларына;
Тармақша 4
4) иммундық тапшылығы вирусын жұқтырған және СПИД-пен ауыратын 18 жасқа дейінгі балаларға;
Тармақша 5
5) үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға;
Тармақша 6
6) жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек.
Тармақша 7
7) баланың тууына байланысты берілетін әлеуметтік көмек.
Тармақ 3
3. Осы Ережеде қарастырылғанындай аталған жәрдемақы түрлерінің әрқайсысы жәрдемақының басқа түрлерін алуына қарамастан тағайындалады және төленеді.
Тармақ 4
4. Қаржыландыру көздері жергілікті бюджет болып табылады.
Тармақ 5
5. Жәрдемақылар бала туғанда, асырап алынғанда, сондай қамқорлыққа алынғанда да тағайындалады және төленеді.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік толық қамқорлығына алынған балалар жәрдемақы тағайындалмайды және төленбейді.
Тармақ 7. Балалары бар азаматтарға берілетін көмектер
7. Ата-аналық құқығынан айырылған ата-аналарға жәрдемақы тағайындалмайды және төленбейді. Балалары бар азаматтарға берілетін көмектер
Тармақ 8
8. «1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңында белгіленген орташа айлық жиынтық табысы зейнетақы, жәрдемақы және өзге де әлеуметтік төлемдер есептеу үшін қабылданған есепті көрсеткіштің екі мөлшерінен аспайтын отбасыларына көмек алуға құқығы бар.
Тармақ 9
9. Отбасы мүшелерінің жиынтық табысына Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерден алынған табыстың барлық түрі қосылады, жәрдемақы сұрар алдындағы тоқсанға табыстың келу кезіне, ақшалай немесе заттай түріне қарамастан, мыналар қосылады:
Тармақша 1
1) еңбек ақы түрінде алынған табыстар;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлік қызметтен алынған табыстар;
Тармақша 3
3) мүліктік табыстар;
Тармақша 4
4) мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақылар, стипендиялар, жәрдемақылар мен әлеуметтік қолдаудың басқа да түрлері;
Тармақша 5
5) балаларға және басқа асырауындағыларға алынған алименттер;
Тармақша 6
6) денсаулыққа зиян келген немесе мөртігіп қалған жағадайда залалды өтеу тәртібімен алынған бір жолғы сомалар;
Тармақша 7
7) ақшалай және заттай түрдегі ұтыстар;
Тармақша 8
8) жеке қосалқы шаруашылықтан (соның ішінде үйдегі малдан, үй жанындағы жерден, бақшадан, саяжай учаскесінен) түскен табыстар, қалада тұратын отбасылары үшін ағымдағы тоқсанға есепті көрсеткіштің бес есе мөлшері және ауылдық жерлердегі отбасылар үшін есепті көрсеткіштің алты есе мөлшері есептеледі.
Тармақ 10
10. Көмек тоқсанға бір рет көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Отбасында еңбекке жарамды әкесі жұмыс істемесе, жұмыссыздық мәртебесі болмаса, әскер қатарында қызмет етпесе, оқудың күндізгі бөлімінде оқымаса балалары бар ондай отбасыларға көмек берілмейді.
Тармақ 12. Жеті жасқа дейінгі төрт және одан да көп балалары бар жұмыс істемейтін көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы
12. Асыраушысынан айрылған отбасына көмек тағайындау мәселесі, асыраушысынан айрылған жағдай бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалған шешімінен кейін ғана шешіледі, мұнда отбасының жиынтық табысы есепке алынады. Жеті жасқа дейінгі төрт және одан да көп балалары бар жұмыс істемейтін көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы
Тармақ 13. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің балаларына берілетін жәрдемақы
13. 7 жасқа дейінгі төрт және одан да көп балалары бар жұмыс істемейтін көп балалы аналарға, отбасының табысына қарамастан, жәрдемақы тоқсан сайын тағайындалады және төленеді. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің балаларына берілетін жәрдемақы
Тармақ 14
14. Мерзімді қызметтегі ескери қызметшілердің балалар отбасының табысына қарамастан, ер балаға жәрдемақы тоқсан айын тағайындалады және төленеді.
Тармақ 15. Адамның иммундық тапшылығы вирусын жұқтырған және СПИД-пен науқастанған балаларға берілетін жәрдемақы
15. Жәрдемақы әскери қызметшінің мерзімді міндетті қызметті атқарып жүрген кезінде төленеді. Адамның иммундық тапшылығы вирусын жұқтырған және СПИД-пен науқастанған балаларға берілетін жәрдемақы
Тармақ 16. Үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы
16. Адамның иммундық тапшылығы вирусын жұқтырған СПИД-пен науқастанған балаларға берілетін жәрдемақы денсаулық сақтау органдары беретін медициналық қорытынды негізгі тағайындалады. Үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы
Тармақ 17. Әлеуметтік көмек алу құқығын айқындау кезінде ескерілетін отбасы құрамы
17. Жәрдемақы тағайындау ата-аналарының бірінің олардың орнындағы адамның өтініші бойынша жүрген өтінішке мүгедек баланы үйде тәрбиелеу немесе қажеттілігі туралы анықтама тіркеледі. Әлеуметтік көмек алу құқығын айқындау кезінде ескерілетін отбасы құрамы
Тармақ 18
18. Көмек алу құқығын айқындау кезінде отбасы құрамы мыналар ескеріледі: - ерлі-зайыптылар және олардың асырауында мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын 18 жасқа толмаған немесе осы жастан асқан балалар барлығы, сондай-ақ, ерлі-зайыптылармалар тұратын олардың еңбекке жарамсыз зейнетақы алмайтын зейнеткерлік жастағы ата-аналары; - жоғары оқу орындарының студенттері, арнаулы орта кәсіптік-техникалық оқу орындарының (училище, мектеп, лицей, гимназия, колледж, кадрларды даярлау жөніндегі курстар) оқушылары, соның ішінде стипендия алатындары (олардың ата-аналар мен бірге тұратын-тұрмайтындығына немесе басқа қалаларда, елдерде оқып жүргеніне қарамастан); - отбасында тұратын өгей қыздар мен өгей ұлдар, егер олар басқа ата-аналар отбасында есепке алынбаса; - ауруханаларда, балалар санаторийлерінде емделуге мұқтаж балалар, сондай-ақ мектеп интернаттарда болғаны үшін ата-аналары немесе қамқоршылары ішінара ақы төлейтіндердің балалары.
Тармақ 19
19. Көмек алу құқығын айқындау кезінде отбасы құрамында мыналар ескерілмейді: - ерлі-зайыптылардың туыстары (еңбекке жарамды ата-аналары, зейнетақы алатын ата-аналары, аға-інілері, сіңлілері, басқа туыстары); - ата-аналық құкықтан айырылған ата-аналардың балалары; - мемлекеттің қамқорлығындағы балалар (тұрғын-үймен қамтамасыз етілмеген оқушылар мемлекеттің толық асырауына алынған адамдардың қатарына жатқызылмайды); - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ҚР ішкі істер министрлігінің әскери оқу орындары офицерлік құрамының прапорщик, мичман әскери атақтары жоқ курсанттары мен тындаушылары; - теңіз училищелерінің және азаматтық авиацияның арнаулы оқу орындарының курсанттары; - ақыл-ойы мен дене дамуында кемістігі бар балаларға арналған мектеп интернаттарға, балалардың орман-санаторийлік мектептеріне, арнаулы балалар үйіне, жалпы үлгідегі балалар үйлеріне, олимпиадалық резерв мектептеріне, суворовшы, нахимовшы училищелеріне, отбасы үлгісіндегі балалар үйлеріне орналастырылған балалар; - кәсіптік-техникалық училищелердің тегін тамақ, киім-кешек және жатақхана берілген оқушылары; - қамқоршы (асырап алушы) отбасыларда тәрбиеленетін балалар; - 18 жасқа толған және одан асқан балалар (17 тармақта көрсетілгеннен басқа); - мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, соның ішінде әскери-құрылыс отрядтарында қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілер.
Тармақ 20
20. Көмек алу құқығын айқындау кезінде отбасының жәрдемақы алуға өтініш берген сәттегі құрамы ескеріледі.
Тармақ 21
21. Қамқорлықтағы балаларға жәрдемақы алу құқығын айкындау кезінде отбасының құрамында тек қамқорлыққа алынған балалар ғана ескеріледі, ал жиынтық табыста қамқоршылардың табыстары емес, осы балаларға алынатын жәрдемакы және алимент ескеріледі.
Тармақ 22
22. Ата-аналары бөлек тұрған жағдайда балалар шешесі немесе әкесінің отбасында нақты тұруына карай ескеріледі.
Тармақ 23
23. Егер мемлекеттің қамқорлығындағы балалар жазғы демалыс кезінде үйлеріне кетсе олар отбасы кұрамында ескертіледі және балалар отбасында тұрған кездегі отбасының жәрдемақы құқығы қайта қаралады.
Тармақ 24
24. Егер бала асыраушысынан айырылуына байланысты тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан мемлекет қамқорлығына көшірілсе, отбасының жәрдемақы алу құқығын орындау кезінде, ол отбасы құрамында ескерілмейді.
Тармақ 25
25. Жәрдемақы алатын тоқсанда отбасы құрамында өзгеріс болған жағдайда жәрдемақы алу құқығы келесі тоқсанда қаралады.
Тармақ 26. Бала туғанда берілетін әлеуметтік көмек
26. Жесір әйелге (еркекке), ажырасқан әйелге (еркекке) тағайындалған балаларға арналған жәрдемақы шешенің (әкесінің) некеге тұрғанына қарамастан, тоқсанның аяғына дейін төленеді. Бала туғанда берілетін әлеуметтік көмек
Тармақ 27
27. Баланың тууына байланысты отбасына көрсетілетін әлеуметтік көмек маңызды окиғаның болған сәтінен бастап беріледі. Бұл жағдайда "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заң да белгіленгендей, отбасындағы жиынтық табыс есеп көрсеткіштің екі мөлшерінен аспауға тиіс.
Тармақ 28
28. Егер бала өлі туса көмек көрсетілмейді.
Тармақ 29. Жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек
29. Екі және одан көп бала дүниеге келген жағдайда әлеуметтік көмек баланың әр қайсысына төленеді. Жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек
Тармақ 30. Арнаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы өтініш
30. Жерлеуге көрсетілетін әлеуметтік көмек отбасының басына қарамастан, жұмыс істеген азаматтың өлімі жағдайын беріледі. Арнаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы өтініш
Тармақ 31
31. Арыз жәрдемақы (көмек) алуға құқығы бар адамның тұрғылықты жеріндегі аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөліміне (басқармаға) беріледі, салық инспекциясынан алынған РНН (салық төлеушінің тіркелген нөмері) көрсетілуге тиіс.
Тармақ 32
32. Балаға жәрдемақы тағайындау жөніндегі қамкоршының (қорғаншы) арызына қамқоршы (қорғаншы) құқығын белгілеген тиісті орган шешімінің көшірмесі тіркеледі. Арызға мыналар тіркеледі:
Тармақша 1
1) балалы отбасыларға көмек беру үшін: - көмек көрсету туралы арызы, (оған табыс туралы анықтамада аталғаннан басқа отбасында басқа табыс көздерінің жоқ екендігі көрсетіледі); - әр баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі; - отбасының құрамын куәландыратын құжат; - отбасы мүшелерінің табысы туралы анықтама жұмыс, оқу, қызмет өткеру орындарынан беріледі: - заңды тұлга болмай кәсіпкерлікпен айналысатын отбасы мүшелері салық органдарының анықтамаларын ұсынады; - жұмыссыздар еңбек биржаларының анықтамалары ұсынады.
Тармақша 2
2) 7 жасқа дейігі төрт және одан да көп балалары бар жұмыс істемейтін көп балалы аналарға жәрдемақы үшін: - арызы; - отбасы құрамын куәландыратын құжат; - әр баланының тууы туралы куәліктерінің көшірмесі; - көп балалы ананың еңбек кітапшасынан көшірме немесе оның еш жерде жұмыс істемейтінің растайтын басқа кұжат.
Тармақша 3
3) мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің балаларына берілетін жәрдемақы үшін: - арызы; - әр баланың тууы туралы куәліктерінің көшірмесі; - отбасы құрамын куәландыратын құжат; -бала әкесінің міндетті әскери қызметте жүргендігі туралы аудандық, қалалық әскери комиссариаттың анықтамасы.
Тармақша 4
4) иммундық тапшылығы вирусын жұқтырған және СПИД-пен науқастанған балаларға берілетін жәрдемақы үшін: - арызы; - денсаулық сақтау органдары берген медициналық қорытынды; - балаланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі; - отбасы құрамын куәландыратын құжат.
Тармақша 5
5) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы үшін: - арызы; - үйде тәрбиелеу немесе оқыту қажеттілігі туралы анықтама; - баланың тууы туралы куәліктерінің көшірмесі; - отбасы құрамын куәландыратын құжат.
Тармақша 6
6) бала туғанда, берілетін әлеуметтік көмек үшін: - арызы: - баланың тууы туралы куәліктерінің көшірмесі; - отбасы құрамын куәландыратың құжат; - отбасы мүшелерінің табысы туралы анықтама жұмыс, қызмет өткеру орындарынан ұсынылады; - заңды тұлға болмай кәсіпкерлікпен айналысатын мүшелері салық органдарының анықтамаларын ұсынады; - жұмыссыздар енбек биржасының анықтамаларын ұсынады.
Тармақша 7
7) жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек үшін: - жерлеу рәсімін өткізуді өзіне алған адамның арызы; - өлген адамның жұмыс орнынан анықтама (қысқарғандар үш - 3 айлық жәрдемақының төленгендігі туралы анықтама); - өлген адамның тұрған жерінен анықтама (үй кітабының көшірме); - өлгендігі туралы куәліктің көшірмесі; - жергілікті азаматтық хал актілерін тіркеу органда берген жерлеу жәрдемақысына арналған анықтама.
Тармақ 33
33. Арнаулы әлеуметтік көмектің барлық түрін аудандық, қалалық әкімшіліктер жанынан құрылған жәрдемақы тағайындау жөніндегі комиссия тағайындайды.
Тармақ 34
34. Жәрдемақының барлық түрі, берілген жәрдемақы тағайындау туралы арыздар бойынша 17 тармақта көрсетілгеннен бір жолғы жүйемен тоқсанға тағайындалады.
Тармақ 35
35. Жәрдемақы алушылар жәрдемақының сол немесе басқа түрлерін алу құқығына әсерін тигізетін барлық өзгерістер туралы (17 тармақтан басқасы) комиссия мүшелерін хабарландыру міндетті.
Тармақ 36
36. Комиссия жәрдемақы тағайындау жөніндегі арызды барлық қажетті құжаттардың түскен күнінен бастап 10 күн мерзім ішінде қарайды.
Тармақ 37
37. Жәрдемақы тағайындау өтініші қанағаттандырылмаған жағдайда жәрдемақы тағайындау жөніндегі комиссия өтінішті қанағаттандырмау себебін және шағымдану тәртібін көрсетіп шешім шығарғаннан кейін барлық кұжаттар арыз иесіне көрі қайтарылады.
Тармақ 38. ТӨЛЕУ
38. Жәрдемақы тағайындау жөніндегі арыз барлық түсірілген құжаттармен, сондай-ақ жәрдемакы тағайындау немесе қанағаттандырмау жөніндегі комиссия отырысынын хаттамасы, болмаса хаттама көшірмесі жәрдемақы алушының жеке іс-қағазында сақталады. ТӨЛЕУ
Тармақ 39
39. Арнаулы әлеуметтік көмектің барлық түрлерін төлеу Қазақстанның Халықтық Акционерлік Жинақ банкісінің филиалдары және оның құрылымдық бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 40
40. Жәрдемақы өткен тоқсанға есептеледі.
Тармақ 41
41. Жәрдемақы тағайындайтын немесе төлейтін органның кінәсінен уақтылы есептелмеген жәрдемақы сомалары қандай да болмасын мерзіммен шектелмей өткен уақыт үшін бір жолға есептеледі.
Тармақ 42
42. Аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері (басқармалары) меншік және шаруашылықты жүргізу нысандарына қарамастан кез-келген ұйымда жалақы туралы анықтамалардың берілу дұрыстығын тексеруге құқығы бар.
Тармақ 43
43. Аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдеріне (басқармаларына) көмек сұраушы отбасылардың қамтамасыз етілу деңгейін және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын тексеру құқығы берілген.
Тармақ 44
44. Көмек сұраушы азаматтар тапсырылған құжаттар мен хабарламалардың дұрыстығы үшін толық жауап береді, төлем жүргізілгеннен кейін қандайма болмасын қателіктер, болмаса күмәнді мәліметтер анықталған жағдайда, заңсыз төленген жәрдемақы қазіргі заңдарда белгіленген тәртіппен кінәлі адамдардан әндіріліп алынады.
Тармақ 45. Жәрдемақы мөлшері
45. Барлық жәрдемақылар республикалық бюджет туралы Заңда белгіленгендей әр тоқсанға есептеу көрсеткішінен пайызбен тағайындалады. Жәрдемақы мөлшері
Тармақ 1
1. 18 жасқа дейігі балалары бар отбасыларына көрсетіледі көмек жылға қаралған бюджетке сәйкес, бөлінген шектеулі соммалар көлемінде тоқсанға бір рет беріледі: бір балаға - айлық есепті көрсеткіштің 70 пайыз көлемінен кем емес; екі балаға - айлық есепті көршеткіштің әр балаға арналған 80 пайызы көлемінен кем емес; үш балаға - айлық есепті көрсеткіштің әр балаға арналған 100 пайызы көлемінен кем емес; төрт балаға - айлық есепті көрсеткіштің әр балаға арналған 120 пайызы көлемінен кем емес.
Тармақ 2
2. 7 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалары бар істемейтін көп балалы аналарға айлық есепті көрсеткіштің пайызы көлемінде.
Тармақ 3
3. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің балалар және иммундық тапшылығы вирусын жұқтырған немесе СПИД-пен науқастанған балаларға айлық есепті көрсеткіштің 130 пайызы көлемінде жәрдемақы қаралған.
Тармақ 4
4. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға жәрдемақы тоқсан сайынғы есепті көрсеткіштің үш есе мөлшерінен кем емес.
Тармақ 5
5. Баланың тууына байланысты берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек есепті көрсеткіштің үш есе мөлшерінен кем емес.
Тармақ 6
6. Жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек есепті көрсеткіштің 10 есе мөлшері.
Бөлім 2. ІІ-бөлім
ІІ-бөлім Тұрғын үй көмегі
Тармақ 1
1. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті тұтынуға төленетін жәрдемақы түріндегі тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген өлшемге сәйкес беріледі.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі, үйді ұстап тұру және коммуналдық қызмет төлемдері оның жиынтық табысынан 30 пайыз асатын отбасыларға көрсетіледі.
Бөлім 3. ІІІ-бөлім
ІІІ-бөлім Жұмыссыздарға және жұмыссыздарды жерлеуге көрсетілетін материалдық көмек Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Белгіленген тәртіп бойынша жұмыссыздық мәртебесін алған азаматтарға материалдық көмек көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Жұмыссыз отырған адам өлген жағдайда оның отбасына, болмаса жерлеуді ұйымдастыратын адамға, жерлеу үшін материалдық көмек көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Жұмыссыз азаматтарға материалдық көмек көрсету туралы шешімді комиссия шығарады.
Тармақ 4
4. Жұмыссыз азаматтарға және жұмыссыздарды жерлеуге арналған материалдық көмектің мөлшері қайта қаралып отырады. Мұндай жағдайда жұмыссыздарға берілетін материалдық көмектің мөлшері республикалық бюджет туралы Заңда белгіленгендей, зейнетақы, жәрдемақы және өзге әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін сол жылға сәйкес алынған бір айлық есепті көрсеткіш шамасынан кем болмауға тиіс.
Тармақ 5. Жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету
5. Жұмыссыздарға және жұмыссыз адамды жерлеуге берілетін материалдық көмек көрсету жөніндегі шығындарды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі. Жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету
Тармақ 6
6. Жұмыссыздарға көрсетілетін материалдық көмекке негіз етіп республикалық бюджет туралы Заңда белгіленгендей, отбасы мүшелерінің жан басына шаққанда айлық орташа жиынтық табысы, сол жылға сәйкес зейнетақы, жәрдемақы және өзге де әлеуметтік төлемдер есептеу үшін айлық есепті көрсеткіштің екі мөлшерінен аспайтын көлемі алынады.
Тармақ 7
7. Жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету туралы арыздар аудандық бөлімдердегі және қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасындағы комиссияға беріледі. Арызыға отбасының құрамы жөніндегі анықтама, отбасы мүшелерінің әрқайсысының табысы туралы анықтама қоса тіркеледі. Комиссия жекелеген мүшелерді және басқа да құзырлы адамдарды тарта отырып, қосымша тексерулер жүргізуге құқылы.
Тармақ 8
8. Жұмыссыздарға материалдық көмек үш айға тағайындалады, бірақ жалпы мерзімі он екі ай ішінде алты айдан аспауға тиіс.
Тармақ 9
9. Жұмыссыз азаматтарға берілетін материалдық көмек белгіленген тәртіп бойынша жұмыссыздық мәртебесін алғандарға көрсетіледі. Жұмыссыз адам кәсіптік оқуға немесе қоғамдық жұмысқа жіберілген жағдайда, материалдық көмек оқыған немесе жұмыс істеген күннен бастап тоқтатылады, бірақ жұмыссыздар есебінен шығарылмайды.
Тармақ 10. Жұмыссыздарды жерлеуге берілетін материалдық көмек
10. Арызбен келген жұмыссыздар ұсынған мәліметтерін дұрыстығына толық жауап береді. Қандай да болмасын қателіктер, болмаса жалған мәліметтер анықталған жағдайда, заңсыз төленген көмек Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгіленген тәртіп кінәлі адамдардан өндіріліп алынады. Жұмыссыздарды жерлеуге берілетін материалдық көмек
Тармақ 11
11. Жұмыссыздарды жерлеуге берілетін материалдық көмек жерлеуді мойнына алған адамға көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Жұмыссыздарды жерлеуге материалдық көмек көрсету жөніндегі арыздар аудандық бөлімдердегі, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасындағы комиссия беріледі. Арызға мыналар тіркеледі: - өлгендігі туралы куәліктің көшірмесі; - жерлеуге жәрдемакы алуға азаматтық хал актілерін туралы органының анықтамасы; - еңбек биржасының анықтамасы.
Тармақ 13
13. Жұмыссыздарды жерлеуге арналған материалдық көмек зейнетақы, жәрдемақы және өзге де әлеуметтік төлемдер есептеу үшін алынған айлық есептік көрсеткіштің 10 еселік мөлшеріне кем болмайтын көлемде тағайындалады.
Тармақ 14. Жұмыссыздарға материалдық көмек алу құқығын айқындау кезінде ескерілетін отбасы құрамы
14. Жұмыссыздарды жерлеуге арналған материалдық көмек отбасының табысына қарамастан тағайындалады және төленеді. Жұмыссыздарға материалдық көмек алу құқығын айқындау кезінде ескерілетін отбасы құрамы
Тармақ 15
15. Жұмыссыздарға материалдық көмек алу құқығын айқындау кезінде отбасы құрамында мыналар ескеріледі: - ерлі-зайыптылар және олардың асырауындағы 18 жасқа толмаған немесе осы жастан асқан, бала кезінен мүгедек ретінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын балалар, сондай-ақ, ерлі-зайыптылармен бірге тұратын еңбекке жарамсыз зейнеткерлік жастағы зейнетақы алмайтын ата-аналары; - жоғары оқу орындарының студенттері, арнаулы орта және кәсіптік-техникалық оқу орындарынын оқушылары (училище, мектеп, лицей, гимназия, колледж, кадрларды даярлау жөніндегі курстар), соның ішінде стипендия алатындар (олардың ата-аналары мен бірге тұратын-тұрмайтындығына немесе басқа қалаларда, елдерде оқып жүргеніне карамастан); - отбасында тұратын өгей қыздар мен өгей ұлдар, егер олар басқа ата-ананың отбасында есепте болмаса; - ауруханаларда, балалар санаторийлерінде емделуге мұқтаж балалар, сондай-ақ мектеп интернаттарда болғаны үшін ата-аналары немесе қамқоршылары ішінара ақы төлейтін балалар.
Тармақ 16. Жұмыссыздарға материалдық көмек тағайындау туралы өтініш, материалдық көмекті тағайындаудың тәртібі
16. Материалдық көмек алу құқығын айқындау кезінде отбасы құрамында мыналар ескерілмейді: - ерлі-зайыптылардың туыстары (еңбекке жарамды ата-аналары, зейнетақы алатын ата-аналары, аға-інілері, сіңлілері, аталары, әжелері және басқа туыстары); - ата-аналық кұқықтан айырылған ата-аналардың балалары; - мемлекеттің қамқорлығындағы балалар (тұрғын-үймен қамтамасыз етілмеген окушылар мемлекеттің толық асырауына алынған адамдардың қатарына жатқызылмайды); - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздіқ комитетінің, ҚР ішкі істер министрлігінің, әскери оқу орындары офицерлік құрамының прапорщик, мичман әскери атақтары жоқ курсанттары мен тыңдаушылары; - теңіз училищелерінің және азаматтық авиацияның арнаулы орта оқу орындарының курсанттары; - ақыл-ой мен дене дамуында кемістігі бар балаларға арналған мектеп интернаттарға, балалардың орман-санаторийлік мектептеріне, арнаулы балалар үйлеріне, жалпы үлгідегі білім беретін мектеп-интернаттарға, олимпиадалық резерв мектептеріне, суворовшылар, нахимовшылар училищелеріне, отбасы үлгідегі балалар үйлеріне орналастырылған балалар; - кәсіптік-техникалық училищелердің тегін тамақ, киім-кешек және жатақхана берілген оқушылары; - қамқоршы (асырап алушы) отбасыларда тәрбиеленетін балалар; - 18 жасқа толған және одан асқан балалар (17 тармақ көрсетілгендерден басқасы); - мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, соның ішінде әскери құрылыс отрядтарында қызмет өткеріп жүрген ескери қызметшілер. Жұмыссыздарға материалдық көмек тағайындау туралы өтініш, материалдық көмекті тағайындаудың тәртібі
Тармақ 17
17. Жұмыссыздарға материалдық көмек тағайындау туралы арыз аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халыққа әлеуметтік қорғау бөлімдерінің басқарманың бастығы атына беріледі, онда салық төлеушінің тіркелген нөмірі (РНН) көрсетіледі. Жұмыссыздарға материалдық көмек тағайындау жөніндегі арызға мынадай құжаттар қоса тіркеледі: - отбасының құрымын куәландыратын анықтама; - отбасы мүшелерінің табысы жөніндегі анықтама жұмыс, оқу, қызмет атқару орындарынан ұсынылады.
Тармақ 18
18. Материалдық көмек тағайындау жөніндегі жұмыссыздардын арызы, оған қосымша жалғанған құжаттарымен бірге аудандық, қалалық, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдеріндегі (басқармадағы) жұмыспен қамту қызметімен айналысатын мамандарда қабылданады. Сонан кейін, маман материалдық көмекті тағайындау үшін жинақталған кұжаттарды, арызды, жұмыссыз адамның жеке есеп карточкасымен қосып, 3 күн ішінде комиссияға береді.
Тармақ 19
19. Материалдық көмек тағайындау туралы арызы, барлық қажетті құжаттарымен бірге, түскен күннен бастап, он күн ішінде, комиссияда қаралады.
Тармақ 20
20. Материалдық көмекті тағайындау туралы арызы қанағаттандырылмаған жағдайда, комиссия қанағаттандырмаған себебін көрсетіп, шешім шығарады және арыз иесіне барлық кұжаттары кері қайтарады.
Тармақ 21. Жұмыссыздарға және жұмыссыздарды жерлеуге арналған материалдық көмектің төленуі
21. Материалдық көмек тағайындау туралы арыз барлык түсірілген құжаттармен бірге, сондай-ақ, материалдық көмек тағайындау комиссиясының хаттамасы аудандық бөлімдер мен қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасында сақталады. Жұмыссыздарға және жұмыссыздарды жерлеуге арналған материалдық көмектің төленуі
Тармақ 22
22. Жұмыссыздарға материалдық көмекті және жұмыссыздарды жерлеуге арналған материалдық көмекті төлеу Қазақстанның Халықтық Акционерлік Жинақ Банкісінің филиалдары және оның құрылымдық бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 23. Комиссияның құқықтары мен міндеттері
23. Аудандық бөлімдер және қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы меншік және шаруашылықты жүргізу нысандарына қарамастан кез-келген ұйымда, мекемеде жалақы туралы анықтаманың берілу дұрыстығын тексеруге құқылы. Комиссияның құқықтары мен міндеттері
Тармақ 24
24. Комиссия жұмыссыз азаматтардың материалдық көмек тағайындау туралы арызын қарайды.