Құжат мәтініне өту

О стоимости разовых талонов

Өзге акт · № 18/184-4с · қабылданған 20.02.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-45039/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О стоимости разовых талонов Күшін жойған Өзге акт ·№ 18/184-4с ·20.02.2009
01.01.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О стоимости разовых талонов

Күшін жойған Өзге акт ·№ 18/184-4с · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О стоимости разовых талонов
Атауы (қаз.)
Біржолғы талондар құны туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
18/184-4с
Қабылданған күні
20.02.2009
Көрсетілген редакция
01.01.2011 45039_216827.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09UA000090
ЭКБ идентификаторы
45039
Редакция идентификаторы
45039_216827
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:42

0 Біржолғы талондар құны туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ:

1

1. Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) жеке тұлғалар үшін және Шымкент қаласының базарларында (базар аумағындағы дүңгіршіктердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда), тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондар құны 1 және 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2

2. "Біржолғы талондар құны туралы" қалалық мәслихаттың 2007 жылдың 22 қазандағы N 4/22-4с шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 14-1-62 тіркелген, 2007 жылдың 2 қарашасында "Шымкент келбеті", "Панорама Шымкента" газеттерінде жарияланған) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды деп танылсын.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткенде қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтарынан бастап күші жойылады.

4 Шымкент қалалық мәслихатының

2009 жылғы 20 ақпандағы
N 18/184-4с шешіміне 1-қосымша
Шымкент қаласы бойынша қызметі дүркін-дүркін
сипатта болатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондар құны
N р/с
Біржолғы талон құны
(теңге)
1.
Сату (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын
қызметтерді қоспағанда):
1)
газеттер мен журналдар
100
2)
тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материал (екпелер, көшет)
100
3)
бақша дақылдарын
200
4)
саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді
50
5)
ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдерін
100
6)
жануарлар мен құстардың жемдерін
120
7)
сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақ және балық
120
2.
Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметін
300
3.
Үй жануарлары мен құстарын бағу
100

5 Шымкент қалалық мәслихатының

2009 жылғы 20 ақпандағы
N 18/184-4с шешіміне 2-қосымша
Шымкент қаласының базарларында тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар үшін біржолғы талондар құны
N р/с
Тауар, жұмыс және қызмет атаулары
Әр сатушының алатын сауда алаңы
Біржолғы талон құны
(теңге)
1.
Базарлар аумағындағы (дүңгіршіктердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда) сату:
1)
ұн, нан және нан тағамдары, кондитерлік тағамдары
1 шаршы метрден
100
2)
ет және ет өнімдері
1 шаршы метрден
200
3)
сүт және сүт өнімдері
1 шаршы метрден
100
4)
көкөніс, жеміс-жидектер
1 шаршы метрге дейін
100
5)
құрғақ жемістер, бал
2 шаршы метрге дейін
300
6)
киімдер, мата, бас киімдер, аяқ киімдер, теріден жасалған бұйымдар
2 шаршы метрге дейін
200
7)
аудио-видеоаппаратуралар
2 шаршы метрге дейін
200
8)
кеңсе тауарлары, парфюмерия
1 шаршы метрден
150
9)
жеңіл автокөліктер
1 кіріп шыққанына
300
10)
автобустар
1 кіріп шыққанына
400
11)
мото-велотехникасы
1 кіріп шыққанына
250
12)
ірі қара мал, жылқы, түйе
1 бас
200
13)
қой, саулық, ешкі, қозы
1 бас
150
14)
құс және үй жануарлары
1 шаршы метрден
150
15)
жем, шөп
2 шаршы метрге дейін
200
16)
құрылыс материалдары
3 шаршы метрге дейін
250
17)
гүлдер
1 шаршы метрден
150
18)
аяқ киім тігу, жөндеу және тұрмыстық қызметтер
2 шаршы метрге дейін
100
19)
ұсақ-түйек тауарлар
1 шаршы метрден
100

Қолданыстағы