Науырзым ауданының селолық округтері аймақтарында иттер мен мысықтарды ұстау қағидасы туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Науырзым ауданының селолық округтері аймақтарында иттер мен мысықтарды ұстау қағидасы туралы
- Атауы (қаз.)
- Науырзым ауданының селолық округтері аймақтарында иттер мен мысықтарды ұстау қағидасы туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 169
- Қабылданған күні
- 12.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 22.10.2010 · қолданыстағы AI45058_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.10.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09NP000089
- ЭКБ идентификаторы
- 45058
- Редакция идентификаторы
- AI45058_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:47
0 Науырзым ауданының селолық округтері аймақтарында иттер мен мысықтарды ұстау қағидасы туралы
"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 8-тармақшасына, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 311, 543 бабтарына, "Халықтық санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Заңына сәйкес, иттер мен мысықтарды ұстау қағидасының шарттарын реттеу мақсатында және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуда, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Науырзым ауданының селолық округтері аймақтарында иттер мен мысықтарды ұстау Қағидасы бекітілсін (қосымша).
2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың Азаматтардың Конституциялық кепілді құқығы мен мүдделерін қамтамасыз ету және жергілікті жерде Конституцияны, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің Қаулыларын атқару және қоғамдық бірлестіктермен байланыс, жариялылық мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы М.Б. Күзембаевқа жүктелсін.
3
3. Науырзым аудандық мәслихатының 2005 жылғы 17 қарашадағы № 195 "Науырзым ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау қағидасы туралы" және 2006 жылғы 14 маусымдағы № 262 "Науырзым ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау қағидасы туралы" 2005 жылғы 17 қарашадағы № 195 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
5 Науырзым ауданының селолық округтерінің аумағында иттер мен мысықтарды ұстау қағидасы
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 12 ақпандағы
кезекті жетінші сессиясының
№ 169 шешімімен бекітілген
Науырзым ауданының селолық округтерінің
аумағында иттер мен мысықтарды ұстау қағидасы
1 1. Жалпы ереже
1 1. Осы Қағида Науырзым ауданының селолық округтерінің аумағында иттер мен мысықтарды ұстау тәртібін реттейді. Ереже меншік түріне қарамастан ит пен мысықты асыраушы жеке және заңды тұлғаларға ортақ.
2 2. Қағидада келесі түсініктер пайдаланылады:
1 1) ит – үй жануары, мөлшеріне, түрі – түсіне және басқа да белгілеріне қарамастан қасқыр тұқымдасқа жатады;
2 2) мысық – үй жануары, мөлшеріне, түрі – түсіне, басқа да белгілеріне қарамастан мысық тұқымдасқа жатады;
3 3) жануардың иесі - ит пен мысығы бар тұлға;
4 4) иесіз жануарлар – тіркелмеген, иесін табу мүмкін емес, жануар иесінен қашып кеткен, бақылаусыз жануарлар.
2 2. Иттер мен мысықтарды тіркеу тәртібі
3 3. Тұрғындар мен ұйымдардың иттер мен мысықтарының қандай да болмасын тұқымдарына қарамастан олардын селолық әкімдіктерде, тұратын орындары бойынша тіркеуге алу ұсынылсын.
Тіркелерде иттер мен мысықтардың иелеріне мал дәрігерлік паспорт пен иелерінің есебінен арнаулы үлгідегі нөмірлік жетон белгісі беріледі. Тіркеу жүргізерде жануарлардың иелері осы Ережемен танысуы керек. Олардың танысқандығы тіркеу кітабына қол қоюмен куәландырылады.
4 4. Барлық иттер мен мысықтар екі айлығынан бастап алғашқы тіркеуге жатады.
5 5. Иттер мен мысықтарды тіркеркеу кезінде олардың иелері туралы келесі мәліметтерді ұсыну ескерілсін: жеке куәлігі, мекен-жайы, телефоны, жануарлар туралы ит немесе мысықтың тұқымы, атауы, жынысы, туған жылы, түсі, айырықша белгілері.
6 6. Тіркеу органы жануарды есептен шығару үшін (оның жоғалғандығы, өлгендігі, басқа тұлғаға берілгендігі туралы) ақпарат береді.
3 3. Иттер мен мысықтарды ұстау
7 7. Иттер мен мысықтарды ұстауға санитарлық, гигиеналық, зоогигиеналық талаптарды орындағанда ғана рұқсат етіледі.
8 8. Иттер қоршалған аумақтарда ұсталады, олардың өткен – кеткен адамдар мен басқа малдарға шабуыл жасамауы үшін және қашып кетпеуі үшін қоршауда болуы керек.
Жекеменің аумағындағы иттердің бар екендігі туралы кіре берісте "Ит күзетеді", "Охраняется собакой" деген жазу, иттің суреті бар ескерту қойылуы шарт.
9
9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі "Мал дәрігерлік саласындағы нормативтік – құқықтық актілерді бекіту туралы" № 407 Қаулысымен бекітілген сол аумақтағы мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторының, немесе соттың шешімі бойынша ит пен мысық ауру болғанда өлтіріледі немесе иесінен алынуы мүмкін.